QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Кіші әкімдер «үлкеннен» неге үлгі алмайды?

ByQAA.kz

Сәу 29, 2021


Жақында облыс әкімінің орынбасары болып белгілі экономист, қаржыгер Балжан Шәменова тағайындалды. Бұл басқа әкімдерге де берілген белгі болса керек… Өйткені, біздің Қызылорда облысы бойынша бірде бір аудан әкімі, не болмаса аудан әкімінің орынбасары болып отырған әйел адам жоқ. Кіші әкімдер Әбдіқалықовадан неге үлгі алмайды?!..
Бұрында нәзік жандылардың креслода отыруына қатысты көптің пікірі әрқилы болатын. Бастапқыдан қалыптасқан ердің міндеті түзде, әйелдің міндеті үйде делінген қағиданың барын жоққа да шығармау керек. Алайда, қазірде бұл пікір өзгеше нұсқада өрбиді. Қоғамдық ортада өзіндік орнын қалыптастырып, үйдің ғана емес түздің де ұйытқысы болғысы келетін әйелдер саны артқан. Мойындау да керек шығар, кейде ерлермен салыстырғанда батыл шешімді қабылдау нәзік жандылар үшін түк те емес… «Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан мемлекеттік басқару жүйесіндегі және билік органдарындағы әйелдердің үлесі бойынша посткеңестік елдер арасында көш бастап тұрған мемлекеттердің бірі. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен елді билейді», – деген Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев Сырдың елін басқаруды тарихта алғаш рет әйел облыс әкімі атанған Гүлшара Әбдіқалықоваға табыстағаны
белгілі.
Билік басына әйел адам иелік еткен соң, мұндағы тұрғындардың ендігі басшылардың дені де «бикештерден» құралады деген күмәндары болғаны да жасырын емес. Әйткенмен, статистикалық көрсеткіш ол ойды жоққа шығарғандай. Қызылорда облыстық жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарда 2043 мемлекеттік қызметкерлер бар болса, оның 737- і яғни 36 пайызы әйелдер екен. Қызылорда қаласы мен аудандарда басшы құрамындағы әйелдер саны аз. Тіпті, басшылық құрамында әйелдер жоқ аудан да жоқ емес. Ол – Ергешбаев басқаратын Қазалы ауданы. Аймақтағы бірде бір ауданда әкім орынбасары деген лауазымына иелік еткен тізімде әзірге әйелдер алансыз көрінбейді. Қармақшы және Сырдария аудандарында ғана екі-үш әйел ауыл әкімі көрінеді. Жергілікті атқарушы органдардағы көрсеткішке сүйенер болсақ, барлығы 25 басқарма болса, соның 6-ы, 50 басқарма басшысы орынбасарының небәрі 13-і ғана әйел. Қала және аудан әкімінің орынбасары болуға лайықты бірде бір әйел жоқ секілді, барлығы ер адамдар. Дербес бөлім басшылары 100 болса, оның 13-ін нәзік жандылар құрайды. Жалпы, халық қалаулысы болғысы келетін әйелдердің ынтасы көп болғанымен, сайлаудан өтіп депутат болған әйелдер қауымының қарасы көп емес. Нәтижесінде бүгінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы 152 депутаттың 39-ы ғана әйел екен.


А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған