QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Әкімшілікке ғана емес, қала тұрғындарына да байланысты…

Автор:QAA.kz

Ноя 12, 2020

Газеттің өткен санында Қызылорда қаласына қарасты Титов тұрғын ауданындағы апатты үй жайында қозғаған болатынбыз. Жаңақұрылыс-4 көшесіндегі 2 квартал 9-шы тұрғын үйде орналасқан 3 пәтердің қабатаралық темірбетон плиталары опырылған еді. Алайда, тұрғындардың талабы тым жоғары. Кезек күттірмей үймен қамтамасыз етсін дегенге саяды. Осы бағытта өрбіген мақаланы оқыған қала тұрғындары желі арқылы қойылатын талап пен ұсыныстың ойға қонымды болуы да артық етпейді деген пікірлерін жазған. Уақытша тұрғын үйде тұруға берілген мүмкіндікті пайдаланған абзал дейді. Себебі, үй кезегінде тұрған тұрғындар да үйден дәмелі деген пікірде.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде талқыға түскен тақырып турасындағы пікірлерді жариялауды жөн көрдік.

Жангелдин Ом:

— Иә, қандай әлеуметтік сала болсын, көмектердің көрсетіліп жатканы рас. Қандай маселе болсын онтайлы шешімін тауып жатыр. Тек қана түсіністік, шыдамдылык танытсақ шешілмейтін мәселе жоқ.

Нұр Садик:

-Үкіметке халыктың өкпесі көп болып кетті?! Неге?! Халык дайын асқа тік қасық болып алды. Үкімет колдан келгенін жасап жатыр. Ойланайық.

Акмарал Кузембаева:

— Дәл қазіргі уакытта үкіметтің жағдай жасауының кемі жоқ. Үйде отырып алып жақсы болған әлеуметтік желіге салып айқай салу.Ауыз аша бермей жұмыс жасауға мүмкіндік берейік…

Аяжан Аяжан:

— Жөн жосықсыз арыз жазушылар көп. Әкімдіктің атқарып жатқан жұмысы көп, біраз жұмыстар жасалып жатыр. Халықтың көңілінен шығу мүмкін емес. Әркім әртүрлі сын айтады. Халық үшін жасалып жатқан жұмыстар көп тек көре білу керек. Не болса соны жазу ұят …

Ақнұр Айеке:

— Қазіргі таңда әлеуметтік желіде не жазғым келеді, соны жазамын деген пікір қалыптасып барады. Ағайындар, сабыр сақтайық, сәл шыдап сабырға келейік. Отбастарыңызға амандық, саулық тілеймін.

Маржан Маделханова:

— Қазіргі кезде арызқойлардың өздері сауатсыз болып кеткен, олар жоқ жерден мәселе тауып алып интернетке жібере салуды ғана біледі, тиісті жерлерге барудың орнына, үйілген қоқыстарды өздері бүлдірген жерлерді желіге салып жібереді. Өздері үйді жаңартудан өтуге келісім бермейді, кейін апатты болып жатса әкімдікті айыптайды.

Орынкул Тұңғышбаева:

-Осы заманга ешкандай өкпе болмау керек. Ел, халык аман болса бәрі жетіп жатыр. Тек еңбек ету керек.

С. Жауғашканова:

-Мұқтаждықты ешкім қалап алмайды, баспана адамның басты қажеттілігі. Үй беріп, жағдай жасап отқан жақпен де келісу керек шығар. Табан тіреуге келмейтін жағдайлар болады ғой, әрі қазіргі Қызылорда қаласының дамуына сенуге де болатын сияқты. Өзім тұратын мөлтек ауданының тазалығына, тротуардың салынып жаңартылуына ризамын. Сырттан келген қонақтарымыз қаламыздың жақсы өзгергенін, тазалығын айтып риза етіп жатады. Ел басқарып отырған Азаматтарға ел игілігіне жасап жатырған еңбектеріңіз оң жалғасын тапсын дегім келеді.

Бакизат Айназарова:

-Осы жұртқа түсінбеймін бірдеңе болса болды байбалам салып шыға келеді, сабыр сақтауды білмейді ау деймін. Мен өзім Қызылорда қаласына жиі барып тұрамын. Тойға болсын, дәрігерге болсын сол кезде көргендерім көлік жиі жүріп тұр, қала іші тап-таза, жаз мезгілінде көгалдандыру жұмыстары да жақсы жолға қойылған. Бұның бәрі басшының жақсы жұмыс жасағанының арқасы деп ойлаймын. Сондықтан не нәрсеге де шыдам керек. Еңбектеріңіз жемісті болсын демекпін. Халықтың көңілінен шыға беріңіздер. Автобустардың, газельдердің өз бағыттарында уақытылы жүріп тұрғандарына риза болдым. Рахмет сіздерге кәсіптеріннен береке тапсын демекпін.

Ореке Жолдасбай:

-Қызылорда қаласы күннен күнге, жылдан жылға жақсарып келеді. Қонаққа барып тұрамыз, әр барғанда жаңадан қосылып жатқан шағын аудандар көз куантады. Жасыл желек те көбейген. Жақсыны көре білу керек, туындаған мәселені келісе отырып, ойласып шешуге де болатын секілді. Қаланың көркейе түсуі тек әкімшілікке ғана байланысты емес, сол қаланың тұрғындарына да байланысты. Әл Фарабидың дана сөздеріне жүгінсек, «мінез бен ақыл жарасса — адамгершілік ұтады» дейді. Сондықтан көп нәрсе қала игілігіне өзіңіз жеке тұлға ретінде нендей үлес қостыңыз соған да байланысты деп ойлаймын.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *