QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды

ByQAA.kz

Қыр 25, 2020

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж.-ға қатысты Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Ж. 18 тамыз 2020 жылы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде орналасқан ұйде өзінің әйелі И.-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған үшін, Қызылорда қаласының полиция басқармасымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарау үшін жолданған.

Істі қарау барысында, жәбірленуші күйеуімен татуласып, бітімгершілікке келіп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға Ж.-қа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1-1 бөлігімен қозғалған әкімшілік іс, Кодекстің 64-бабына сәйкес жәбірленушімен бітімгершілікке келуіне байланысты өндірістен тоқтатылып, құқық бұзушы әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Медиация сот процесінің тараптарына ымыралы баламаға қол жеткізуге, екі жаққа да тиімді келісімге келуге, дауды бейбіт жолмен реттеуге мүмкіншілік береді.

Көлік жүржізуші жолда абай бол!

Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 10-бөлімінің 1-тармағына сәйкес – жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге Қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді. Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады. Жүргізуші көлік басқару кезінде үнемі мұқият болып, жол үстіндегі қауіпті жағдайға, кедергілерге дайын болуға міндетті.

Осылайша, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азамат Е. 12 тамыз 2020 жылы өзінің басқаруындағы автокөлігін Қызылорда – Жалағаш тас жолы бойымен басқарып келіп, жолдың бойымен қозғалыс жасап келген сиыр жануарын қағып, жол көлік оқиғасын жасап, жануар егесіне материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға Е. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 38892 тенге әкімшілік айыппұл салынды.

Автокөлікті масаң күйінде басқарып құқық бұзушылық жасаған

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Азаматша С. 1 тамыз 2020 жылы сағат 14:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №26 үй подъезінде азаматша Ш.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын іс әрекетті жасаған. Нәтижесінде полиция қызметкерлерімен С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа қару үшін жолданған.

Сот қаулысымен өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9723 (тоғыз мың жеті жүз жиырма үш) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған