QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Әкімшілік әділет жүйесін жетілдіруге жасалған қадам

ByQAA.kz

Ақп 23, 2021

Былтыр алғаш рет Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданды. Ал ол заң шілденің бірінен бастап күшіне еңбек. Бұл заңда не қамтылған? Қандай өзгерістер жүзеге аспақ сол туралы кеңінен тоқталып өтейін. Аталмыш заң талқылауда болғаны рас. Халық үшін тиімді шешім қабылдаған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды. Осылайша халық үшін тиімді заң қабылдады. Бұл заңды іске асыру үшін 21 мамандандырылған әкімшілік соты ашылады. Әр облыстан ашылған сот қарапайым тұрғынды, бизнес өкілдерін инвесторлардың құқығын қорғайды. Мұнда билік органдары тек жауапкер ретінде тартылмақ. Осы орайда соттарды мамандандыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қабылданған кодекстің мақсаты – азаматтарға басқарушылық шешімдер қабылдау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын шоғырландыру, жоғары тұрған органдар мен сот органдарының дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін құру тәрізді бірнеше мақсаттарды көздейді.

Жалпы қазақ халқы не нәрсе болса да кешіруге дайын. Арызданып, соттан сотқа сүйреп жүретіндер аз. Реті келсе өзара оңай шешімін таба салудың ыңғайын іздейді. Бұл өз өмірімізде де орын алады. Мәселен медиацияның көмегіне жүгінетіндер көп. Есесіне бір тоқтамға келіп, бір шешімін табады. Осы орайда бұл заң тұрғындар үшін тиімді болары сөзсіз.

Жаңа заңда көрсетілгендей судья тиісті орындардан құжат сұрастырып, деректерді жинақтайды. Ал мұның тараптарға тигізер пайдасы көп.

Әкімшілік сот жария құқықтық қатынаста бостандық пен заңды мүддені тиімді қорғау, әділ шешім шығару, уақытылы шешуді басты орынға қояды.

Әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары мен олардың мәні заңдылық қағидаты сот әкімшілік істерді қарау және шешу кезінде ҚР Конститутциясының, конститутциялық заңдардың, ӘРПК-нің, нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын ҚР халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. Әділдік қағидаты сот әкімшілік істі қарау кезінде обьективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, іске қатысушылардың әрқайсысына олардың істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті.

Жоғарыда атап өткеніміздей, сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтініш хаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады. Сондай-ақ, заңда татуластыру рәсімдері кеңінен қолданылады. Егер тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге тоқтаса, онда келісім жазбаша түрде жасалады. Оған екі жақ немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, дауды сот процесі барысында реттеуге көмектеседі.

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Күміс Еспенбетова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған