2021 ж. Сәуір 14

Әкім қызметінен босатылды

5 періштенің бірдей өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін аудан әкімі қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды», – делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйден өрт шықты. Салдарынан бір отбасының 5 бірдей баласы мерт болды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған