QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘКІМ КЕЛЕ ЖАТЫР

ByQAA.kz

Ақп 18, 2021

Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қаладағы «Су жүйесі» МКК-ның жұмыстарымен танысты. Бүгінде қаладағы ауыз су мен кәріс
су жүйелері 80 пайызға орындалып, бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетіп отыр. Мекеменің жұртты қабылдайтын жері онша кең де емес. Әйтеуір ығысып, ығысып көңіл сыйса бәрі сияды деп отырғандар да бар. Өткен жылы қыруар жұмыстар жасалып, ғимараттың өзі де біраз жасарып қалды. Бұған дейін сұрғыл түсті болып тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жасалған. Қаладағы КНС жүйелерінің ақылдануы арқасында қызметкерлер қысқартылып, «Су жүйесі» мекемесіне айына 3 000 000 теңге үнемдеп отыр. Бұрындары иісі жер мен көкке жетіп жататын КНС қазірде қалпына келген. Сондай-ақ, мекеменің өзінде авариялық көліктер мен жылдам қызмет ететін көліктері ескі еді. Жаңасын сатып алмай, бар көлікті аяғына тұрғызып, гараждарын да жаңалап қойыпты. Су жүйесінің жұмысы қаладағы маңыздылардың қатарында. Мыңдаған адамға қызмет ететін мекеменің жұмысына әкім оң бағасын беріп болған соң, қаладағы тексерісін әрі қарай жалғастырды. Қазіргі күні қаланың сырт аймақтарында көпқабатты тұрғын үйлер кең етек жаюда.

Қызылорданың кеңейіп, оңы мен солын анықтап, екі жақты құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуі тым бөлек құбылыс. Бұрын
соңды бұндай жұмыстар атқарылмағандықтан сәл таңырқау да бар. Десе де, былтырғы жыл мен ағымдағы 2021 жылы қызу жұмыстар тоқтамайтыны анық. Сырдың бойындағы ПМК-70 мөлтек ауданында көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік. Тіпті көлемі жағынан қаладағы кей мөлтек аудандарын артта қалдырады. Десе де, құрылыс бұнымен тоқтап қалмақ емес. Мөлтек ауданның жалғасы ретінде жаңадан
несиелік 13 көпқабатты тұрғын үй салынуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде 640 пәтерлі 13 үйдің құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы тиісті қаржының 3,6 миллиарды қаралса, ағымдағы жылы 4,5 миллиард қаржы қажет көрінеді.
Үй мәселесі түсінікті, маңында балабақша да енді қолданысқа берілмек. Сырдың бойында орналасқан үйлердің терезелерінен кешкі көріністі көру айтпаса да біразға арман. Ең бастысы, бұл маңнан Тәуелсіздік даңғылының жалғасы жүргізілуге дайын. Бұл дегеніміз,
ел аузында жағажай көше аталған даңғылдың жалғасы осы ПМК-70-ке тура жалғанбақ. Демек, осы күннің өзінде бұл даңғылдың бастау алған тұсынан бастап бірнеше мөлтек аудандарды жалғамақ.
Осы арқылы уақыт та үнемделіп, дарияның бойы да көркейетін болды. Оңы мен солын ажырата білген Қызылорданың қос жағалауында да құрылыс тоқтар емес. Сол жағалаудың өзінде 680 пәтерлік 14 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Бұл үйлердің барлығы арендалық негізде салынуда. Құрылыс басына арнайы барған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыстың барысымен танысып, жүргізілген құрылыстардың қала халқына зор көмек болатынын жеткізді.

Қызылорда қаласы қарқынды құрылыс алаңына айналуда. Қазіргі таңда 38 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 28 бүйжеттік қаражат есебінен салынса, қалған 10-ы жеке кәсіпкерлер қаражаты есебінен салынуда. Қазіргі таңда 50 пайызға жуық қаражаты игеріліп, жұмыстардың 60-70 пайызы аяқталды. Бұл жердегі арендалық үйлер расында мұқтаж азаматтарға берілмек. Ал ПМК-да салынып жатқан үйлер кредиттік негізде салуда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Бақытты отбасы» секілді банктер арқылы тұрғындар ала алады. Ол үйлер алдағы қыркүйек
айында табысталады деп жоспарлап отырмыз,
-дейді қала әкімі.

Сонымен қатар, сол жағалаудағы жылу қазандығының жұмысымен танысып қайтқан қала әкімі орталықтың қалай жұмыс жасайтынын байқады. Жылу қазандығының ішінде тұрған жаңа құрылғылардың барлығы анау-мынау емес, «BOSH» компаниясының өнімдері. Әдетте аталған марканың жұмыстарын әлем танып, өздерінің ұзақ уақыт жұмыс істеп, істен шықпайтынының арқасында көпке мәлім. Әр детальдың жұмысын бақылап, қысым өлшегіштерге көз жүгіртіп өткен қала әкімі
нысанның ішін толықтай аралап шықты. Қазандықтың өзі сол жағалаудағы 32 көпқабатты тұрғын үйлер мен 2 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етуде.

Сол жағалаудағы әлеуметтік нысандар мен 60-тан астам көпқабатты тұрғын үйді жылыту мақсатында салынған үлкен жылу қазандығында тұрмыз. 2019 жылы 2,6 миллиард теңге республикалық бүйжеттен бөлініп, салынған болатын. Қазіргі таңда жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылы жұмыс барысы толықтай тәмәмдалмақ,-дейді Құрылыс бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратов.


P.S: Сол жағалаудың дамып жатқаны дұрысақ, десе де, салынып жатқан тұрғын үйлер ең шеткі жерде орналасқан. Бұл жерде тазалық қызметкерлері, өзіміздің апаларымыз несіне қоқыс жинап жүрді екен? Айнала онсыз да қоқысқа толы, құрылыс алаңдарының барлығында дерлік солай болатыны анық. Бірақ, оны жинап не керек, қаланың өзінде жинайтын қоқыс таусылды ма? Бәлкім, әкім келер деп жинап жатқан болар.


Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған