QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘКЕСІН СЫЙЛАП, ӘКІМ САЙЛАДЫ

Автор:QAA.kz

Окт 8, 2021

Қаладан шыға бере Қарауылтөбе деген ауылға тап боласың. Кезінде осы ауылдың атын естігенде бір төбенің басында орныққан елді мекен деп ойлайтын едік. Сөйтсек, қалаға тиіп тұр екен. Бұл ауылдың бұрынғы әкімі қызметін босатып, басқа салаға ауысты. Халық арасында сайлау өтіп, біраз адам әкім болуға ниетін білдірген еді. 26 қыркүйекте өткен сайлауға ауылдықтардың 80 пайыздан астамы қатысты. Сайлауға ауылдық округ бойынша 956 сайлаушы қатысып, дауыс берді.

Сайлау қорытындысымен үміткер, осы ауылдың тумасы Ахетов Еркін Абдрайханұлы сайлаушылардың басым дауысына ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.

Сол Қарауылтөбедегі мектептің АКТ залында ауылдастар, ақсақалдар жиналып, жаңа әкіммен танысты. Жиынға келген қала әкімі Ғанибек Қазантаев та ауылдастармен біраз әңгімелесіп, жаңа әкімімен құттықтады.

— Әкім болған сон өзіңнің жаның да, арың да осы жұмыспен бірге болу керек. Ауылдастарың сені, сенің әкеңді танып, қандай жомарт азамат екенің біліп, ұлының да сондай екенін алға тартып, бір ауыздан саған дауыс беріп отыр. Дәл бұндай сезімді мен алғаш әкемнің қызмет еткен орнына тағайындалғанда сезінген болатынмын. Ол кісінің ұлы осы ма деген жұрттың сөзіне қалмай, қажырлы еңбек етуге тырыстым,-деді қала әкімі өз сөзінде.

Жалпы Қарауылтөбеде әкім жиі ауысатын көрінеді. Анау-мынау жұмысты бастаймын деп отырғанда ауысып кете береді дейді ауыл ақсақалдары. Жаңа әкім елмен бірге бірлесіп, ауылдың мәселелерін шешетіндігін айтты. Ендеше сәттілік.

Ауыл мектебіндегі шарадан соң ауылдық әкімдікке барып, жаңа әкімнің жайлы креслосын көрдік. Қала әкімі де барып құтты орнына отырғызып, ізгі тілектерін жеткізді.

Еркін Абдрайханұлын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экология және биология пәнінің мұғалімі, эколог» мамандығы, 2020 жылы Болашақ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек жолын 1991 жылы «Қарауылтөбе» тәжірибе шаруашылығының малшысы ретінде бастаған.

2005-2008 жылдары Қызылорда облысының статистика басқармасының маманы;

2010-2014 жылдары Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;

2017-2018 жылдары Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы;

2018-2019 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы;

2019-2021 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2021 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Балық шаруашылығы комитеті» Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы қызметін атқарып келді.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *