QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

КЕЛІНІ ЖАҚСЫНЫҢ КЕРЕГЕСІ АЛТЫН

Автор:QAA.kz

Сен 17, 2020

Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шара жоспары әзірленді. Бүгінде іс-шара жоспарына сәйкес отбасы күнін мерекелеуге арналған бірқатар онлай форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Келіні жақсының – керегесі алтын» атты облыстық онлай жас келіндер байқауы.

Байқау отбасы күніне орай қалалық ішкі саясат бөлімінің жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатындағы әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келіндерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыс көлемінде 20 келін қатысты.

Дәстүрге айналған бұл байқау биыл ерекше форматта өткізілді. Қатысушылар байқау шарттары бойынша «онлайн» түрде алдымен өздерін таныстырып өтіп, өз өнерлерін, өздері әзірлеген ұлттық тағам түрлерімен таныстырып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді.

Әділқазылардың шешімімен үздік деп танылған келіндер Қуатбай Сымбат (1 орын), Қуандық Ақгүл (2 орын), Мұсақұл Салтанат (3 орын) марапатталып, сый-сияпаттар табыс етілді. Өзге қатысушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен алғыс хаттар берілді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *