QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Кандидаттар анықталды

Автор:QAA.kz

Ноя 12, 2020

Қызылорда қаласында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өткізілді. Конференцияға  бастауыш ұйымдарынан ұсынылған 90 делегат қатысты. Жиында қалалық мәслихатқа партиялық тізім бекітіліп, облыстық мәслихат пен ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімге кандидаттар анықталды.

Сонымен қатар облыстық партия филиалының кезектен тыс өтетін ХХVIІ конференциясына қатысушы делегаттар сайланды. Ендігі ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан Қызылорда қалалық мәслихатына 34 кандидаттан тұратын партиялық тізім жасалды. Құрамында қоғам қайраткерлері, азаматтық сектор және БАҚ өкілдері бар.

Бұндағы әйелдердің үлесі 2,5 есеге артып, 15,7 пайыздан 38,2%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 2 есе – 10,5 тен 20,5%-ға дейін өсті.

Үміткерлердің орташа жасы 53 жастан 47 жасқа төмендеді. Қызметтегі 19 депутаттың 6-ы ғана жаңа партиялық тізімге енді.

Тізімде білім саласы өкілдерінің үлесі басым – 26,5%, ШОБ өкілдері -17,6% және т.б. Конференцияда облыстық мәслихат пен мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тармақтарын таныстырды, екінші раундта «сұрақ-жауап» түрінде пікірталас өткізілді.

17 үміткердің ішінен партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық квотаға сәйкес 10 кандидатты таңдады.

Сондай-ақ, конференция барысында қалалық партия филиалының Сайлауалды бағдарламалары бекітілді.

Филиал төрағасы, Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өткендей, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы праймериз аясында тұрғындардан түскен ұсыныстардың 82 пайызы ескеріліп және қаланы дамытудың негізгі 7 бағыты бойынша әзірленген.

Естеріңізде болса бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске арналған партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 109 кандидат қатысты. Оның 30.2%-ы – әйелдер, 23.8%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 35.7%-ы ұсынылса, 64,3%-ы – өзін-өзі ұсынушылар.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *