2021 ж. Сәуір 14

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында, Облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутатық фракция мүшелері Алмашева Манат Тамабайқызы және Махашов Бақдаулет Еркінбекұлы «Өзгерістер жолы»: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты облыстық сайлау алды бағдарламасындағы «Жол картасының» жүзеге асырылу барысы бойынша, қаламыздың кәсіпкерлерімен кездесті. Қаламыздың дамуының негізгі бағыты, қозғаушы күші кәсіпкерлік екені анық. Осы ретте кездесуде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан грантттар, жеңілдетілген несиелер мен қолдаулар жөнінде айтылды.Недегенмен жаңа бастаған кәсіпкерлер де өздерінің алдарында кездесіп жүрген негізгі проблемаларда қозғалды. Олардың ішінде: Жер алу мәселесі, кейбір кәсіпкерлік бағына қолдау аздығы, қаржылық жағдайды растайтын өзге де құжаттарды тапсыру өзі, қағазбастылыққа баратындығы қатысты сұрақтар қойылды. Қаламыз бойынша шағын несие беруді көбейту арқылы шағын және орта бизнес үшін ең тиімді тетік екендігіне тоқталған Манат Тамабайқызы және Бақдаулет Еркінбекұлы бұл реттеде жолдағы кедергілерді жою мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта кәсіпкерлердің заң аясында құқығын қорғап жәнеде басқада толғандырған мәселелері ұсыныс-тілектері жерде қалмай, заң аясында қорғайтындығын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған