Қызылорда қаласы әкімі Н.Нәлібаевтың тұрғындарға есеп беру жиналысына қатысып сөз сөйлеген аймақ басшысы Қ.Көшербаев қалалықтардың жергілікті полиция жұмысына көңілі толмайтындығына тоқталды.
– Құқық қорғау органдарының жұмысына байланысты, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы полиция жұмысына халықтың көңілі негізінен толмайды. Көліктерді ойын алаңында, тротуарларда қалдыру, «Жедел жәрдем», өрт сөндіру т.б. арнайы көліктердің өтуіне бөгет болатын жағдайлар туралы шағымдар бар. Полиция нәтижелі рейдтер өткізбейді. Ереже бұзғандарды, әкімшілік құқық нормаларын және қоғамдық тәртіпті бұзуды қайталағандарды қатаң жазалау бойынша шаралар қабылданбайды. Қалалық полиция басқармасы, учаскелік полиция қызметкерлері қала әкімдігі, КСК-мен бірлесіп қала аулаларын тәртіпке келтіруге байланысты тиісті шаралар қабылдауы керек – деп нақты тапсырмаларды атап өтті облыс әкімі.
Ж.АЙМАҒАНБЕТОВА