QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Көшербаев қағидаты: Өршіл мақсат, өнімді еңбек

Автор:QAA.kz

Фев 14, 2019

«Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін бір ғана Қызылорда облысының дамуынан көруге болады». Елбасы айтқан бұл сөз бүгінде қызылордалықтардың аузынан түспейтін болған. Реті келген жерінде мақтанышпен айтып жүргенін жиі естиміз. Әлбетте, Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытында еліміздің қайсыбір аймағында ел дамуын айғақтайтын көрсеткіштердің аз болмайтыны түсінікті. Дегенмен, сонау ел болудың қамындағы елең-алаң шақтарда экологиялық апат аймағы ретінде дүние жүзіне әйгіленіп, тарап кету қаупі де төнген облыс үшін бұл сөздің мағынасы терең, мәні зор. Оның үстіне Қызылорда облысының дамуы дегенде салмақтап айтатын тұстар бүгінде аз емес. Сондықтан мақтанса қызылордалықтар мақтансын!

Елбасының қанатты сөзі сәрсенбінің сәтінде өткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуінде ел тарапынан және айтылды.

«Бұдан артық қандай сүбелі сөз болады?!»- деді жиында лебіз білдірген ардагер дәрігер Тұрғанбай Маханов.

Облыс орталығындағы Н.Бекежанов атындағы театрда болып өткен жиынға Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Ж.Сүлейменов, Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Әкімшілігінен Н.Тілешев, Премьер-Министр кеңесінен М.Сұлтанғалиев, Кәсіподақ федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым, «Қазатомпром «ҰАҚ» басқарма төрағасы Г.Пірметов, «Астана Газ КМГ» АҚ Бас директоры С.Мақашов т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

Көрермендер залын лық толтырған жұртшылық қатарында ардагерлер, кәсіпкерлер, депутаттар, қоғамдық кеңес, ҮЕҰ, өндіріс, шаруашылық, білім т.б. еңбек ұжымдары өкілдері бар. БАҚ өкілдері де ұзын тізбек.

— Есепті кездесудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің ресми интернет ресурсында «You Tube» сервисінде, «Facebook» әлеуметтік желісінде онлайн тікелей эфир арқылы бүкіл облыс жұртшылығының назарына ұсынылды. Сонымен қатар барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласымен бейне конференция байланысын орнатты. Ұсыныс-пікірлерін қалдыру үшін ол жерлерде хатшы­лықтар жұмыс жасады. Халықтың ұсыныс-пікірлерін жинақтау үшін барлық әкімдіктерде және адамдар көп шоғырланатын орындарда жәшіктер орналастырылды, арнайы Call орталық және сайт ашылды. Алғашқы талдау көрсеткендей сауалдардың басым көпшілігі жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, коммуналдық сектор, абаттандыруға қатысты.

Барлық сұрақтарт екі апта ішінде қаралып нақты жауаптар беріледі. Мемлекеттік орган­дарға тиісті тапсырмалар берілді. Өзім қатаң бақылауда ұстаймын, — деді облыс әкімінің өзі де халық алдындағы есептің халықты қамтуы жөнінде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *