2021 ж. Сәуір 14

К. Шәмшидинова: Мұғалімдердің жалақысы 180 908 теңге болады

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті.  Сондай-ақ оған ІТ және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды»,  – делінген баспасөз ақпаратында.

Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды.  Жалпы,  қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді,  онда 30579 оқушы білім алады.

К. Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады.  Осылайша,  жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге,  ауылдық жерлерде – 180 908 теңгені құрайтын болады.

Министрдің пікірінше,  жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып,  жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.

inform. kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған