QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«КӨРСЕТКІШ КӨБЕЙСІН»

Автор:QAA.kz

Фев 18, 2021

Қызылорда қаласының әкімі Н.НӘЛІБАЕВ:
«КӨРСЕТКІШ КӨБЕЙСІН»

Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен өткен қала әкімдігінде аппараттық отырыс барысында әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ілгерілеу сатысы мен халықты жұмыспен қамту және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыстар пысықталды. Бүгінге дейінгі атқарылғандар сарапқа салынып, алдағы міндеттер айқындалды. Жиында сөз алған орынбасар Бектас Балғабайұлының сөзінше, қала бойынша әлеуметтікэкономикалық бағытта өсу қарқыны жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Сәйкесінше, көрсеткіштер де
қуантарлық деңгейде.

Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылы 9 млрд. 431,5 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,0 пайызға артқан. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 58 млрд. 100,6 млн. теңгеге жетіп, 124,7 пайызға ұлғайған. Шағын кәсіпкерлік саласында да ілгерлеушілік бар. 2021 жылдың 1 қаңтарына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 мың 098 бірлік осыған дәлел. Сондай-ақ, Б.Нұриддинов азаматтардың жұмысқа орналасуын да атап өтті. Айталық, жыл басталғалы 11 340 тұрғын жұмысқа орналасқан. Оның 9 112-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде қоғамдық жұмысқа — 2 511, әлеуметтік жұмыс орындарына — 390, жастар тәжірибесі негізінде — 1 838 адам жұмысқа орналасты. Осылай деп атқарылған жұмыстарға тоқталған қала әкімінің орынбасары ендігі міндеттерді де
тілге тиек етті.


Қала әкімінің орынбасары Б.Нұриддинов:

Алдағы уақытта көрсеткіштерді орындау және тұрақты ұстап тұру мақсатында мердігер кәсіпорындармен және тиісті қалалық дербес бөлімдер, кент, ауылдық округтермен және облыстық статистика департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, жұмыс жасап тұрған
және жаңадан ашылған мекемелердің статистикалық есептемелерін уақытылы тапсыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Содан өзге, «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысын салу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу де басты міндет. 2021 жылы Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарына 511 адам қамту жоспарлануда.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы И.Ақжігітованың сөзінше, 2020 жылдың 1 ақпанына 354 жаңа жұмыс орындары ашылса, былтырғы жылмен салыстырғанда жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен болған. Себеп – эпидемиологиялық ахуал. Жаңадан жұмыс орындары ашылып, әртүрлі саланы қамтыған. Мәселен, тізімде ауыл шаруашылық, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, білім және денсаулық салалары бар. Қала тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша жаңа бастама жүзеге аспақ. «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы да орындалады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің жұмысына қолдау білдіріп, 117 адамға несие беру арқылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту да басты назарда
көрінеді. Одан өзге халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту да қолға алынбақ. Аппараттық отырыс барысында осылай деген Индира Ақжігітова мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау турасындағы тірліктеріне де тоқталды.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша мүгедектігі бар адамдар саны 10 мыңнан асады, жалпы халық санының 3,2 пайызын
құрайды. Қала бойынша мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметтерімен және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтуға қаржы бөлінді. Аталған мәселелер бойынша қала әкімі ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Халықты жұмыспен қамту бойынша арнайы бекітілген межені толық орындауды тапсырамын. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкер
порталы бойынша арнайы әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеп, ақпарат алудың тиімді тұстарын жасау керек. Әлеуметтік экономикалық көрсеткіш көбейіп, 100 пайызға орындалуы барлық сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне ортақ жұмыс,- деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.


А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *