2021 ж. Сәуір 14

КҮРІШ ЕГІСІ ҚЫСҚАРҒАНМЕН ДАҚЫЛДАР ЕГУ АРТАДЫ

Биылғы жылы Сырдария өзеніндегі судың төмендеуі және вегетациялық кезеңде суармалы судың тапшылығын ескере
отырып, 188,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын
орналастыру межеленсе, оның ішінде күріш егісінің көлемін
5,1 мың гектарға(2020 жылы – 89,5 мың га, 2021 жылы – 84,4 мың га) қысқарту жоспарланып отыр.


Дегенмен, биылғы жылы күріштің егіс көлемін азайтқанымен суды аз талап ететін дақылдардың егіс көлемін ұлғайту есебінен жалпы егістік 4,0 мың гектарға артық егілетін болады. Облыс Сырдария өзенінің ең төменгі ағысында орналасқандықтан, жоғарыдан келетін су көлеміне тікелей тәуелді.
Сырдария өзені бойынша келіп түсетін судың 70% қысқы кезеңге келетіндіктен, вегетация кезеңінде суды сақтау үшін суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте, алдағы жылдары қысқы тасқын суларды жинақтау көлемі 2,3 млрд. текше метр болатын 6 су қоймасы салыну жоспарланып отыр.
Бұл өз кезегінде тасқын суды жинауға және тұрақты сумен қам- тамасыз ету мәселелерін толықтай шешуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Бүгінгі күні суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар: пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру(ПУИД-2, ПУИД-3)жобалары. Аталған жобалар жүзеге асырылған жағдайда, суармалы жерлердің 80% қалпына келетін болады.
Атап айтқанда, өткен жылы Жиделі су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіліп, Шиелі және Сырдария аудандарында 18 тік дренажды ұңғымалары салынды. Қызылорда, Әйтек су торабтарына жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ағымдағы жылы республикалық бюджеттен «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» және «Қараөзек ағысында су қоймасын салу» жобаларының жобалық сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлінуде. Сондықтан, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған соң ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын бастау бойынша жұмыстар атқа- рылатын болады. Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын тазалау және жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңмен атқару жоспарлануда. Осыған байланысты, Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспарына жалпы құны 12,3 млрд.теңгені құрайтын 192 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және елді мекендерді 43 насос қондырғыларымен қамтамасыз ету шаралары енгізілді. Биыл осы жоспарға сәйкес 6 каналға тазалау жұмыстары және елді мекендерге 43 дана қондырғылары сатып алынатын болады.


Сонымен қатар су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында біз су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жемшөп, бақша дақылдары мен көкөніс көлемдерін белсенді түрде дамытуды жоспарлап отырмыз. Осылайша ағымдағы жылы тамшылатып суару әдісін қолдану арқылы 3 мың гектарға қызанақ өсіру, сондайақ жаңбырлатқыш жабдықтарды қолдану арқылы 10 мың гектарға жоңышқа және 87 гектарға жүгері өндіру жөніндегі жобаларды іске асыруды бастау жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған