QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

КӨРГЕНГЕ КӨҢІЛ ТОЛДЫ МА?..

ByQAA.kz

Сәу 15, 2021

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар бизнес және әлеуметтік бағыттағы нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Аймақ басшысы алдымен жалпы ауданы 2,2 гектар, жылына 1000 тонна қияр және қызанақ өндіретін «КазАгроМир» жылыжай кешенінің, жылқы бордақылайтын, қымыз өндіретін 15 адам жұмыс істейтін «Танкаман» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. «Хуа Ю Интернационал» химиялық реагенттер шығаратын зауыттың, «ВЕГА-ПРОМ» желім (клей), ЖК «Қалымбетова» шұжық, «Аруана-Агролидер» ет өнімдерін шығаратын цехтарының, «Dalatex» тігін фабрикасының да жұмысымен танысты. «Хуа Ю Интернационал» жылына 1000 тонна химиялық реагенттер шығарса, «ВЕГАПРОМ» тәулігіне 50 тонна желім шығарады. Ал, “Қалымбетова” шұжық цехында 12 жұмысшы тәулігіне 5 тонна шұжық өндіреді.

Құны 50 млн.теңгені құрайтын, ет өнімдерін шығаратын «Аруана Агролидер» тәулігіне 800 тонна консервіленген ет өнімдерін әзірлейді. «Dalatex» тігін фабрикасында 7 тонна көйлек тігеді. Мұнда 23 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы ауданы 41,1 мың шаршы метрді құрайтын СПМК-70 тұрғын ауданында жаңадан салынып жатқан 14 кредиттік тұрғын үйлер құрылысын да көрді. 630 пәтерлік үйлерді салуға 8 млрд. 245,7 млн теңге бөлінген.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қала әкімі Ғанибек Қазантаевқа тұрғын үй құрылысына қажет құрылыс материал- дарының сапасына аса мән беруді және уақытылы аяқтауды міндеттеді. Сондай-ақ, өңір басшысы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған “Жол картасы» аясында Ғ.Мұратбаев көшесіндегі стадион аумағын абаттандыру және «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмысымен де танысты. Абаттандыру жұмыстарына 195,0 млн. теңге бөлінген. Бағдарлама аясында 75 түнгі жарық шам, 67 орындық, 67 қоқыс жәшігі, 1 су бұрқақ орналастырылып, 17 000 шаршы метр жерге брусчатка төселуде. Ал, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің өндірістік техникалық базасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 109,7 млн. теңге бөлінген. Жоба аясында 35 адам жұмыспен қамтылды. Аймақ басшысы қала әкімі Ғ.Қазантаевқа мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінген қаржының мақсатты жұмсалып, тиісті жұмыстарының сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алуды жүктеді. Нысандарды аралау барысында облыс әкімі қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілері бөлімінің жұмысын да зерделеді. Ғимарат 3 қабаттан тұрады. 1 қабатта – мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсету және сауықтыру, 2 қабаттамемлекеттік қызметтер көрсету, 3 қабатта – «Бақытты отбасы» отбасын қолдау блогтары орналасқан. Бүгінгі күні әлеуметтік сала өзекті салалардың бірі.

  • Жұмыссыздарды тіркеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, жұмыспен қамтудың төлемдерін жүргізу, қоғамдық қабылдау өткізу аса жауапты қызмет. Тұрғындарға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, дер кезінде көмек беру керек. Мемлекеттік бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуына аса мән беріңіздер, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралау жұмыстарын ертеңіне де жалғастырды. Алдымен аймақ басшысы сол жағалау бойында жаңадан салынып жатқан 14 арендалық тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Жалпы алаңы 40,4 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйде 780 пәтер бой көтереді. Баспаналарды салуға 8 млрд. 322,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Өңір басшысы пандемия кезеңіне қарамаста тұрғын үйлерді салу тоқтамайтынын айтып, қала әкімі мен мердігер компания басшысына құрылыс жұмыстарын сапалы орындау және уақытылы аяқтау қажеттігін қаперге салды. Мұнан кейін Гүлшара Әбдіқалықова сол жағалаудағы автономды блоктымодульдік қазандықты көрді. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосатын қазандықты «Ария Жаңа Астана» ЖШС мердігер компаниясы үйлестіреді. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 438,5 млн.теңгені құрайды. Облыс әкімі қала көшелеріндегі абаттандандыру жұмыстарына да мән берді. Ең әуелі Ы.Жахаев пен Әйтеке би көшелеріне барып, көшедегі көркейту бағытында атқарылған жұмысты көрді. Бүгінде көше бойында 250-ге жуық жарық шамдары орнатылып, 3 субұрқақ салынған. Ал, Әйтеке би көшесінде 100- ден аса түнгі жарық шамдары орнатылған.
Сондай-ақ, заманауи үлгідегі орындықтар мен қоқыс жәшіктері де қала сәулетіне сән беруде. Гүлшара Әбдіқалықова келесі бағытты бірнеше шағын өндіріс орындарына бұрды. Алдымен Талсуат ауылдық округіндегі «Сыр маржаны» ет комбинатының құрылыс жұмысымен танысты.
Комбинат ауысымына 5 тонна ет өнімдерін өндіруге қауқарлы. Өндіріс орны 250 бас ірі қара малы мен 1000 бас ұсақ мал союға мүмкіндігі бар. Шағын комбинаттағы өнімдердің 70 пайызы ішкі нарыққа, 30 пайызы экспортқа жөнелтіледі. Бүгінгі таңда ет комбинатының құрылысы 30%-ға аяқталған. Қажетті жабдықтар толық алынып болғаннан кейін нысан 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Мұнан кейін облыс әкімі Ә.Қашаубаев көшесінің бойында орналасқан шыны зауытына барды. Өндіріс
жылына 197 100 тонна табақша шыны шығара алады. Мұнда табақ шыны, энергия үнемдейтін шыны, айна мен ламинатталған шыны өндіреді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында жабдықтау жұмыстарына 91 жұмысшы тартылған. Бүгінде зауыт құрылысы 78%-ға аяқталып отыр. Балқыту ваннасы мен күйдіру пешін монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін зауыт толықтай іске қосылады. Айту керек, балқыту ваннасы және күйдіру пешін монтаждау үшін 4 ай уақытжәнежылырежимжағдайы қажет. Шыны зауытындағы жұмыстарды саралаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орынбасары Нұрлан Тілешовке жабдықтау жұмыстарын нәтижелі аяқтап, зауыт жұмысын мерзімінде аяқтау қажеттігін тапсырды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған