QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Көпірден өтем, тезірек жетем

ByQAA.kz

Жел 30, 2020

Сырдария өзенінің сол жағалауында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолына жанасатын көпір құрылысы аяқталды. Бұдан былай жүргізушілер осы көпір арқылы шет аймақтарға лезде шығып кете алады. Көлік жүргізушілерінің жанар майы мен уақытын едәуір үнемдеткен «Шіркейлі» арнасының үстінен өтетін көпірдің ашылу салтанатына аймақ басшысы мен қала әкімі қатысты.

Көпірдің тиімділігі орасан. Аталған көпір жүк көліктеріне де, жеңіл көліктерге де жол қысқартып айтарлықтай жеңілдік туғызбақ.

Қала әкімінің айтуынша келесі жылы айналма жол құрылысы аяқталмақ. әзірше оның орнына жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бағдаршам қойылды.

Айналма жолдың құрылысын елге мәлім «Вazis Construction» ЖШС-гі жүргізбек. Жобаның ауқымдылығын ескере отырып, аталған жұмыстың келесі жылға таяу аяқталуының өзі жақсы жаңалық.

Айналма жолға келетін болсақ жолдың ені 7 метр, жаяулар жолының ені 1,5 метрді құрайды. Құрылыс уақыты 2020-2022 жылдарға арналған. Бүгіннің өзінде сұраныстарға байланысты көпір пайдалануға берілді.

  • Биыл қаламыздағы жол құрылысын дамытуға республикалық, облыстық, қалалық бүйжеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде депутаттарымызбен ақылдаса отырып маңызды көшелерді жөндеуден өткіздік. Ал көпір жолы Мұратбаев көшесінен бастап магистральді трассаға қосылған. Екі жыл бұрын облыстық бүйжеттен 2,5 миллиард теңге бөліне бастаған еді. Ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Жолаушылар қала орталығынан  Мұратбаев көшесіндегі көпірмен сыртқы аудандарға шығып кете алады,-деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Сол жағалаудан басталып «Самара – Шымкент» автожолына қосылатын төрт жолақты жол бүгінде тас түйін дайын. Осы жолдың бойында келешекте сол жағалаудың басты сәулет нысандары мен базарлары салынбақ. Жол үстінде ойға батып, сол жағалаудың өркендеуін елестетудің өзі көңілге сенім ұялатады.

Ал  «Шіркейлі» арнасының үстінен өтетін көпірдің құрылысын «Сервис НС» ЖШС-гі жүргізген. Ұзындығы 81,9 метр болатын көпірдің 4 жолақты жолы қандай көлікке болсын тарлық етпейді.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған