QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Көп балалы отбасылардың балаларына 5 мың грант бөлінеді

Автор:QAA.kz

Июн 28, 2019

5 мың гранттардың шарттары жайлы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар — ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар — олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.

Еске сала кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына биыл 5 мың білім гранты бөлінеді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *