QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Күнсұлу Ысқақова аналарға «шеруге шықпаңдар» деді

ByQAA.kz

Ақп 13, 2019

Әлеуметтік желіде көп балалы аналардың мәселесін ашына айтып, елді құрылтайға шақырып жүрген Күнсұлу Ысқақованың бейнебаяны жарияланды.

«Құрметті, аналар! Мен жаңа әкімшілікке келіп, әкім орынбасары Ермек Аманшаевпен кездестім. Жұмыс тобының құрылғанына көзім жетті. Соны біраз талқыладық. Менің сіздерге айтайын дегенім, бұл мәселенің барлығы бірден шешілмейді, оған уақыт керек. Уақытылы шешілген мәселенің нәтижесі болады. Осы сөзге дәлелім 14 ақпан күні жұмыс тобымен тағы кездесу болады. 15 ақпанда болатын құрылтайға аналарға шығудың қажеті жоқ. Өйткені, біздің ана мен бала деген ұранды көтеріп, бүлік шығарғысы келетін адамдар көбейіп жатыр. Мен шеруге шықпаймын», – деді Күнсұлу Ысқақова.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған