2021 ж. Сәуір 14

КҮН мен ТҮНДІ АЙЫРА АЛМАЙ

Қызылорда жарықтанып, түнгі көшелер келбеті құлпыруда. Қайда қарасаң да жылжымалы лампалардың түр-түрін байқап, түнгі қаланың жылтырағына беріліп, аралағың келеді-дағы тұрады. Бұл тұста, орталық алаңдағы Арбаттың бойы жастар қауымынан көз
ашпауда. Шеткі жағымен қарттардың серуендейтін тұсында кең жаяулар жолы салынған.


Біздегі нысандардың 18-і түнгі кезде қаланы күн шыққандай жарық етіп тұрады. Бүйжеттен бөлінген қаражатқа жасалған жұмыстарға жастардың берер бағасы оң. Бұрынғыдай тас қараңғының орнына қойылған жарықтар, жастардың үймелейтін орнына айналып, суретке түсетін тұрақты жері болып тұр. Кезіндегі көне ғимараттардың сырты да түнде ерекше байқалады. Оның ішінде ең маңыздыларына Сыр Ана, Орталық мешіт, Сыр сүлейлері, Назарбаев даңғылы жатады. Барлық көпірлер мен жағажайдың тұсындағы жарықтан, күн мен түнді де айыра алмай қалатындаймыз.

Жастар тарапы Арбат бойындағы жасалған жұмыстарға бүйдеуде:
Бұрынғы қалпының өзі жаман емес еді. Алайда, қазір достарымызбен
қыдырып жүргенде әлемжеліге көркем суреттер түсіріп, сырт
қаланың жастарының да қызығушылығын тудырудамыз.

Орнатылған шамдардың көзге кері әсері жоқ, ұзыннан сызылған қызылсары түстер көздің жауын алады. Кезінде қызбен серуендеуге жер таппайтын жастарда қазірде таңдау көп.
Ал қаладағы көшелердің бойынан өтетін жаяулар көпірлерінің де
шамдары қойылып, қалаға сән беруде. Бұрындары көпірдің лифтісі жұмыс жасамайтын. Сөйтсек, оны бәз біреулер бұзып кеткен көрінеді. Қазір конкурс жарияланып, әр жаяулар көпірін күтіп ұстаушылар таңдалуда. Лифтісі де жөнделіп, іске кіріспек. Әзірше түнгі қалаға дау жоқ. Бәлкім жарық орнатылмаған кей көшелер бар да шығар. Десе де, әр істің өз уақыты болатынын естен шығармаған жөн. Бұл тұста қаладағы атауы ұзақ бөлімдердің бірі «Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» жақсы жұмыс жасауда. Аялдаманы біреу қиратса да, жастар үймелеп жүріп жарық шамдарды сындырса да, жолдың бір жері «сөгілсе де» осы бөлім тынбай жұмысын атқаруда. Бір анығы, жастардың қалаға деген махаббаты артқаны сөзсіз. Себебі, мынадай көркемдікті көре тұра
құртудың өзі ұят сықылды.

Р.ТӨЛЕП

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған