QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Көмір жағатын ошақ «өртке» себеп

ByQAA.kz

Ақп 25, 2019

2019 жылдың ақпан айының 23-інде Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Сорбеткей елді мекенінде болған өртке қатысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов мәлімдеме жасады.

– Биылғы жылдың 23 ақпан күні сағат 10:30 шамасында Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Сорбеткей елді мекеніндегі №21 мектепке қарасты бастауыш мектебінде төтенше жағдай орын алды. Бірақ, қатты өрт болмады, сол кезде оқиға орнына ауыл тұрғындарынан құралған ерікті жастар жасағы шұғыл түрде келіп, өрт оқшауланып сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар, өрт болған жер өз қалпына келтіріліп жатыр. Өрттің шығу себебі – бір ошақпен көмір жағу арқылы жылытылатын мектеп болғаннан кейін. Себеп сол ошақтан деген болжам бар, – дейді Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов.

2010 жылдан бастап бастауыш мектеп болып бекітілген білім ошағында 2-4 сынып оқушылары білім алады екен. Алғашында жас мамандарға арналған тұрғын үй болған ғимарат, бүгінде аудандық білім бөлімінің шешімімен 13 оқушысы бар бастауыш мектебі болып жұмыс жасап тұр.

Т.БАҒДАТҚЫЗЫ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған