"Ақмешіт ақшамы"

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ӘЙЕЛ АДАМДАР АЛАЯҚТЫҚҚА БЕЙІМ БЕ?

ByQAA.kz

Қар 25, 2021

Алаяқтықтар мен арбаушылар азаймай тұр. Оларға сеніп қалатын тұрғындар да жетерлік. Басты себеп, қолдың кірі болған ақша әрине. Табысыңды еселейміз, пәлен мың сом берсең мұнша қылып көбейтесің деген себеппен қалтасындағы соңғы ақшасынан да көз жазып қалып жатқандар көп. Алаяқтық қылмысының тіркелуі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға, оның ішінде ауыр санаттағы алаяқтық -17,6 төмендеген.

Жыл басынан 493 алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 181 дерегі ашылып, ашылу көрсеткіші 36,5 пайызды құраған. Оның ішінде, әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтықтың 268 дерегі тіркеліп 8,9 пайызға өсім алған.

Жұрттың біразы ақшадан тарығып, аяққа тартсаң басқа, басқа тартсаң аяққа жетпейтін қаражаттың басын құрай алмай, оңай жолдан ақшасын еселегісі келетіні анық. Жұмыстан түсетін жалақы болса да көп емес-ті. Осы тұрғыда, Қызылорда ҚПБ бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Өмірзақов Ғалымжан Берлібекұлының айтуынша құрықталған аляқтардың көбісі әйел адамдары. Ерлер де кейде кездесіп тұрады. Көбіне жастары 20 мен 50 жас аралығында дейді. Бұл дегенің, біз болашағымыз деп сеніп жүрген жастардың да, үлкен деп ізет көрсететін азаматтардың да қылмысқа келгенде араны ашық екенін білдіреді.

Қазіргі таңда алаяқтың мынадай белгілері көптеп сипат алуда:

1. Алаяқтар Казпочта сайты арқылы Сіздің ұялы телефон құрылғыңызға сілтеме жіберу арқылы банк карта мәліметтерін толтыруды сұрайды, картаның алдыңғы жағындағы 16 саны туралы мәліметтері мен соңғы жағындағы СVV құпия 3 саны туралы мәліметтерін толтыртып ақша шешіп алады, бұндай алаяқтар ОЛХ желісінде хабарлама шығарған адамдардың затын казпочта арқылы курьер алып кетеді деп сендіреді.

 2. Алаяқтар өздерін банк қызметкерімін деп Сіздің банк шотыңызға шабуыл жасалып жатыр, ешкімге айтпаңыз деп әртүрлі қорқыту сөздерін айтып өзіңізге онлайн несие рәсімдетіп басқа есеп шотқа аудартып алады, осы кезде ұялы телефоныңызға келген СМС кодтарды сұрап, соның арқасында сіздің ақша қаражатыңызды аударуға мүмкіншілік алады. Осындай жағдайлар кезінде «AnyDeck» қосымшасын Сіздің ұялы телефон құрылғыңызға жүктеуді сұрап, жүктеген жағдайда қашықтықтан ұялы телефоныңызды басқарып банк қосымшаларын басқарып онлайн несие рәсімдеп ақша қаражаттарын аударып алып жатады.

 3. «Ватсав» және «Инстаграм» желісі арқылы чаттар ашып салған ақшаңызды 30,50% көбейтіп береміз деп жарнама жасап, ол үшін алдын ала төлем салу керек деп халықтан ақша жинап, жарнама берген парақшаларын жауап тастайды.

4. Шетел компаниялары арқылы 2% пайыздық үстемақымен несие алып беремін деп «Инстаграмм» желісі арқылы жарнама жасап, оны алуға алғашқы төлем ретінде ақша аудартып алу.

5. «Колеса.кз» желісі арқылы автокөлік пен автокөлік құрылғыларын сатамын деп нарықта сатылып жатқан бағадан төмен баға көрсетіп отырып, автокөлікті шұғыл түрде алу үшін алғашқы төлем ретінде ақша аудартып алу.

 6. Халықтың жоғалтып алған жеке куәліктері немесе жақындары сеніп берген жеке куәліктері арқылы шағын несие ұйымдарынан онлайн түрде несие рәсімдеу арқылы орын алуда.

P.S: Банк қызметкерлері сізге хабарласқанда ешқашан банк картасындағы құпия нөмірлерді сұрамайды. Сұраған жағдайда алаяқтық екенін бірден аңғарған абзал. Сондайақ, әлеуметтік желідегі сауда-саттық платформаларында да хабарлама бергенде барынша абзал болу қажет.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған