QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ҚИЫНДЫҚТАРДЫҢ БӘРІ УАҚЫТША

Автор:QAA.kz

Фев 18, 2021

Қызылорда облысы әкімі Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА:
ҚИЫНДЫҚТАРДЫҢ БӘРІ УАҚЫТША

Өткен 2020 жыл еліміз үшін өте күрделі болды. Әлемдік пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай әсер етіп, экономикамыздың даму үдерісін тежеді. Қызметтің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Әлемді шарпыған бұл індет біздің аймағымыз
үшін де үлкен сынақ болды.
Ұлтымыздың ұлы ақыны, дана Абайдың «Бейнет көрмей, дәулет жоқ» деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, барша халықтың берекелі бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында бұл қиындық та еңсерілді.
Сыр халқы қай кезде де қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да табандылығымызды танытып, бір-бірімізге қолдау білдірдік. Сындарлы сәтте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан көлемді қаржы бөлініп, халыққа материалдық көмек көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавируспен күресу үшін нақты шешімдер қабылдады, бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бүгінгі күні Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» тұрақтап, эпид күрделі жағдайдың алдын алуға дайын. Өткен жылы Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана құрылысы аяқталды. Сәуір айында пайдалануға беріледі.
3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв жасақталды. Екі айға жететін дәрідәрмектің ұрақтандыру қоры қалыптастырылып, оған жергілікті бюджеттен 488 млн. теңге қаржы бөлінді.

Облыстағы медициналық ұйымдар қажетті медициналық
жабдықтармен толық қамтылды. Тоғыз ПЦР аппараты
жұмыс жасауда. Тұрғындардан тәулігіне 1000-1500 сынама алынуда. Бүгінгі күні аймақта жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Вакцина салдыру – әр адамның жеке қалауы. Ең маңыздысы, әр адам өзінің, жақын адамдарының денсаулығына мұқият болу керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.
Биыл — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілетін мерейлі жыл. Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз, көзіміздің қарашығындай сақтайтын асыл мұратымыз. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен талай қиындықтан өтіп, қуатты мемлекеттің іргесін бірге қаладық. Қорқыт бабамыздың «Жер қадірін ел біледі, ел
қадірін ер біледі» деген жақсы сөзі бар.
Расында, бұл жетістіктеріміздің барлығы Елбасымыздың
бастамасымен, Президентіміздің басшылығымен елдің бүгіні мен болашағы үшін еңбек етіп жүрген барлық қазақстандытардың, яғни, Сіздер мен біздердің бірлесе атқарған ауқымды істеріміздің нәтижесі, халық артқан сенімнің жемісі. Баршаңызды ортақ қуанышымыз, егемендігіміздің елдік мерейі – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының басталуымен құттықтаймын! Жоғарыда атап өткенімдей, қиындықтардың бәрі уақытша! Еңсемізді түсіріп, күйзелістерге жол бермейік! Бұл сын сәттен де аман-есен шығамыз.
Бірлігіміз артып, татулығымыз тұрақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, мәртебесі асқақ болсын!

(Облыс әкімінің халыққа есеп беру баяндамасынан)

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *