QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

IT құралдарын кеңінен қолдану

ByQAA.kz

Сәу 26, 2021

Жаңа технология жүйесі барлық салаға етене араласып келеді. Оның ішінде сот жүйесінің де сандық өзгерістерге қадам басуы ігілікті істердің бірі боп тұр.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ақпараттық сервистерді дайындау барысында азаматтардың мүддесін ескере отырып, электронды технологиялардың халыққа қолайлы, ыңғайлы және қолжетімді болуына басымдық берді.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті. Бюрократиялық кедергілерді жою, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен тікелей байланысын азайту жолымен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізеді және еліміздің тұрғындары үшін сот жүйесінің ашық әрі қолжетімді болуына барынша мүнкіндік туғызады.

ІТ-технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, ақпараттық технологияларды қолдану сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Қазіргі уақытта еліміздегі төтенше жағдай режиміне байланысты, сот жүйесі толықтай онлайн жұмыс режиміне көшті. Барлық талап арыздар, істер тек электронды түрде қабылданады. Қазіргі жағдайда сотқа жүгіну аса қажет болған жағдайда, «Сот кабинеті» сервисі өте тиімді екенін атап өткен жөн. Аталған сервиске тіркелу үшін алдымен электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Оған тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады. Жеке және заңды тұлғалар өздеріне қолайлы, кез-келген уақытта үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде «Сот кабинеті» сервисіне электронды түрде талап арызын, шағым және сұранысын беріп, олардың орындалу барысын қадағалай алады. Сот отырыстары мобильді қосымшаларының көмегімен қашықтықтан қаралуда.

«TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану тәсілі өте қарапайым. Ол үшін «Playmarket» бағдарламасы арқылы аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмірі, логин мен пароль болса жеткілікті.

Ал, «WhatsApp» мобильді қосымша халық арасында кеңінен қолданысқа ие болып табылатындықтан, сот отырыстарын қашықтықтан кедергісіз өткізуге септігін тигізуде.

Қорыта айтқанда, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу қазіргі уақытта өзінің тиімділігін көрсетуде. Азаматтардың уақыты

үнемделіп, сот қызметіне қол жетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпл ететіні сөзсіз.

Сатанов Абылайхан Мейрамбекұлы,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған