QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

IT құралдарын кеңінен қолдану өзекті

ByQAA.kz

Сәу 23, 2021

Мемлекеттік қызмет саласына ақпараттық технологияларды енгізудің нәтижесінде тұрғындардың мемлекеттік қызметке қол жетімділігі арта түсті. Ал, сот саласына ақпараттық технологияларды енгізу сот жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етті.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ақпараттық сервистерді дайындау барысында азаматтардың мүддесін ескере отырып, электронды технологиялардың халыққа қолайлы, ыңғайлы және қолжетімді болуына басымдық берді.

Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді біршама жеңілдетті. ІТ-технологияларды кеңінен пайдалану, ақпараттық жүйелерді біріктіру, ақпараттық технологияларды қолдану сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізді.

Бүгінде сотқа ақпараттық технологиялар арқылы талап-арыздар мен шағымдарды беру, құжаттардың көшірмелерін алу және іс материалдарымен танысу мүмкіндігін көздейтін электрондық сот төрелігі кеңінен қолданысқа ие екендігі баршаға белгілі. Сот жүйесін ақпараттандыру бағытындағы жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдерді, атқарушылық парақтарды, үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды.

Бүгінде сот саласында процеске қатысушыларды SMS-хабарлама және электронды почта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сотқа шақыру қағаздары» сервистері белсенді қызмет етеді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасап, құқықтарын онлайн режимінде қорғауға баса көңіл бөлуде. Өндірістегі істер «TrueConf», «WhatsApp» мобильді қосымшаларының көмегімен қаралуда.

«TrueConf» мобильді қосымшасын қолдану тәсілі өте қарапайым. Ол үшін «Playmarket» бағдарламасы арқылы аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, сот отырысына қосылу үшін сот отырысының хатшысы берген сервер нөмірі, логин мен пароль болса жеткілікті.

Ал, «WhatsApp» мобильді қосымша халық арасында кеңінен қолданысқа ие болып табылатындықтан, сот отырыстарын қашықтықтан кедергісіз өткізуге септігін тигізуде.

Қорыта айтқанда, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу қазіргі уақытта өзінің тиімділігін көрсетуде. Азаматтардың уақыты

үнемделіп, сот қызметіне қол жетімділік еселене түсті. Бұл адамдардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпл ететіні сөзсіз.

Успанов Жанибек Куантаевич,

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған