QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды

Автор:QAA.kz

Май 13, 2020

Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020_kz Telegram парақшасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған. Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді. Ал Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады. Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *