QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Өңірге 5 миллион жұмыртқа әкелінбек

Автор:QAA.kz

Дек 25, 2020

Жұмыртқа кетті қымбаттап  деп халық арасында біраз түсінбестік болды. Әдетте жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының құбылатыны үйреншікті жағдай. Алайда, жұмыртқаның бағасы аспандап кеткенде ел-жұрт жағасын ұстады.

 Өңірдегі құс шаруашылығының аздығы, құс тұмауының белең алуы жұмыртқаның қымбаттауына әкелген болатын.

Еқ жақсысы, өңірге бес миллион жұмыртқа әкелінбек. Бұндай көлемдегі жұмыртқа жаңа жылға дейін толық жеткізілмек. Әзірге уәде етілгендей бір бөлігі жеткізілді. Сонымен қатар, осы аптада 3 азық-түліктің бағасы төмендемек. Арасында сәбіз, пияз, қырыққабат бар.

-Аймақта жұмыртқаның тапшылығын болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Апта басында үш миллион жұмыртқа әкелу жоспарланып, бүгінде екі миллион данасы келді. Алдағы демалыс күндері де жеткізіледі. Қосымша екі миллион дана жұмыртқа тағы алынады. Яғни, мерекеге дейін барлығы бес миллион дана жұмыртқа әкелінеді. Өңірде жұмыртқаға тапшылық болмайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты. Мереке қарсаңында бағаның өсуін болдырмау мақсатында үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жеті аудан өз өнімдерін ұсынатын болады. Барлығы 140 жүк көлігі келеді, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Сұлтанбекұлы.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *