QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Инвестицияны қалай көбейтемiз?

ByQAA.kz

Қаз 29, 2020

Қызылорда облысы әкімі Г.Әбдіқалықова: «Қызылорда облысында 2011 жылы 11 млн тонна мұнай өндірілсе, былтыр 5,6 млн тонна ғана өндіріліпті. Ал, биыл бар болғаны 4,2 млн тонна өндіріледі деп отырмыз. Ашығын айту керек, басқа да көрсеткішіміздің төмендеу қарқыны байқалады. Ол – инвестиция, инвестор тарту мәселесі. Биыл 230 млрдтай инвестиция тартамыз деп отырмыз, бірақ, ол өткен жылғыдан төмен. Бұл жерде де обьективті факторлар бар. Былтыр ауқымды республикалық жобалар болды. Мысалы, «Сарыарқа» газ құбыры, екі газ станциясы, сонымен бірге, күн жылу электр станциясы салынды. Енді біз осы жыл мен келесі жыл үшін қатар жұмыс істеудеміз. Пандемия кезінде, қарымқатынас азайып, тіпті, бір облыстан екінші облысқа қатынау қиын болған кезде көптеген мәселелерді өз өңірімізде, облыста шешу керек екенін түсіндік. Ауқымды талдау жасадық, экономиканың 24 бағыттағы саласы бойынша зерттелді, әлеуметтік жағдай сарапталды. Зерттеулер бойынша, ең қажет деген азық-түліктің 70-і, азық-түлік емес тауарлардың 35-і сырттан әкелінеді екен. Осы себепті, ойлана келе, өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Бұған «Атамекен» палатасы да қатысты. Осы жергілікті жердегі республикалық палатамен бірге пилоттық жоба ретінде қарадық. Сонымен, қазіргі кезде 265 жобаны дайындап қойдық. Бұл жобалар 271 млрд теңге инвестиция алып келеді деп отырмыз».

«Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасы сұхбатынан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған