Індеттің жаңа толқыны келеді ме?

«Қазір Қытайда «омикрон» штамын жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Еуропаның кейбір елдерінде көбеюде. Бірақ, тұтастай алғанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада жалпы көрсеткіш төмендеп келеді. Елде бәрі тыныш, сол себепті біз шектеу шараларын алып тастадық. Бірақ шекарада бақылау әлі бар. Елге кіргендердің бәрін тексереміз. Вакцина мен теріс нәтижелі ПТР-тест міндетті», — деді А.Ғиният.

Ажар Ғиният қазір Қазақстанда эпидахуал бойынша оптимистік сценарий орындалып жатқанын атап өтті.

«Вирустың таралуы байқалмайды. Індеттің өршуі әлемдегі жағдайларға байланысты. Сырттан коронавирус штамдары еніп, ауру таралмаса, елде жағдай жақсы болады», — деді министр.

Author: QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *