QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ІНДЕТ БЕЛЕҢ АЛМАУЫ ТИІС

ByQAA.kz

Сәу 15, 2021

Қала әкімі қызметіне тағайындалғалы Ғанибек Қонысбекұлының төрағалығымен өткен жиын тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Ол жиын аясында қала халқының атышулы індеттен ада болып, деннің саулығы үшін тиісті талапқа бағынуды күшейту керек екенін алға тартты.

Қала әкімі Ғ.Қонысбекұлы:

  • Қызылорда қаласындағы коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту керекпіз. Әр тұрғынның амандығы үшін сақтық шараларына жауапкершілікпен қараған жөн. Ахуалға байланысты тәртіп пен талапты тұрғындар назардан шығармаса, аурудың алдын аламыз. Қала көлемінде індет белең алмауы тиіс.

Жиын барысында бірқатар мекеме басшылары сөз алып, эпидахуалдың тұрақты болуына қатысты біршама ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен бірге, бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарын да тілге тиек етті.

Қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Амантайұлы:

  • Қызылорда қаласында осы айда індетке шалдыққандардың өсуі байқалады. Соған сәйкес, вакцинациялау жұмыстары да тиісінше жүргізілуде. Қаладағы емханалар екпемен қамтамасыз етілді. Әрқайсысы арнайы екпе егетін бөлме қамтамасыз етілген.

Сала басшыларының жұмысын тыңдаған қала әкімі сонында тапсырмаларды жүктеді. Оның айтуынша, күнделікті рейд жұмыстарына санитарлық эпидемиологияқ бақылау басқармасының да қызметкерлері араласқан дұрыс дейді.
Сондай-ақ, аталған жиында қаланың полицияларына жауапты тұлға мониторингтік топпен бірлесе атқарып жүрген жұмыстарын жеткізді. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы мониторинг топтардың құрамына учаскелік полиция мамандары бірлесіп жұмыс жасауда дейді. Бүгінге дейін 14 мыңға жуық нысандар араланғанын да атап өтті. Олардың тізімінде мейрамханалар, кафелер, ойын сауық орталықтар, компютерлік орталықтар бар. Сондай-ақ, небір жиын-тойлардын өтіп жатқаны туралы ақпарат келсе, анықтама жұмыстарын жүргізілетінін де жеткізді. Алдымен кезекші бөлімге, одан кейін мониторингтік топқа хабарландыру
барады екен. Әйткенмен, қала тұрғындары арасында әлі де
немқұрайлылық бар. Әдеттегідей тойларын өткізіп, қуанышты сәттерін естен кетпестей кең көлемде ұйымдастырып жатқандары да жоқ емес. Осы жиын аталған олқылықтардын алдын алып, тиісті қаулының орынды орындалуына қатысты жұмыстарды тиянақтау болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған