Imanbek «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің «Roses» әнініне жазған ремиксі «Грэмми» алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Иманбек SAINt JHN-дің «Roses» ремиксімен танымал болған. Оның нұсқасында трек хит болды және бірнеше апта бойы Billboard Hot 100 диаграммасының үздік ондығында болды.
Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған.
Жақында музыканттың Roses SAINt JHN композициясы «Грэмми»(Grammy) сыйлығына ұсынылғаны белгілі болды.
Танымалдыққа дейін Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.