QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ҚИМАЙ КЕТІП БАРАДЫ…

Автор:QAA.kz

Июн 8, 2020

Жауапкершілігі басым маман иелері атанған мұғалімдердің беделі әркез биікте. Сала мамандарына көрсетілетін құрмет те, берілетін атақ та артық болмасы айқын. Шәкірт тәрбиелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына түрткі болған ұстаздар өз жұмыстарының жемісін көрсе, ғанибет емес пе?! Осы орайда, әкім білімі мен біліктілігін ұштастыра келіп, білім ошақтарынан мыңдаған шәкірттердің түлеп ұшуына еңбек еткен мектеп басшыларын марапаттады. Қала әкімі № 5, 15, 23, 215, 264, 278 мектеп-лицей директорларын зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салып, құрмет грамоталарын табыстады. Олардың қатарында Әбсаттар Әбдіғапбарұлы, Берік Қалыбайұлы, Алтын Болатқызы, Ләйлә Ақбергенқызы, Күміскүл Дүйсенқызы, Ұлболсын Ыбырайханқызы бар.

— Ұстаз деген ұлы атқа кір келтірмей, қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметтерді абыроймен атқарып келдіңіздер. Білім беру ісімен ғана емес, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Біздің ұйымдастыруымызбен қандай шаралар өтсе де, негізгі қолдаушы әрі қозғаушы күші де өздеріңіз. Сіздерге қандай құрмет көрсетілсе де лайықсыздар, — деп Нұрлыбек Нәлібаев мектеп басшыларының еңбектерін ескерусіз қалдырмай, қаладағы ең жоғары марапатқа лайық деп таныды.

— Зейнетке шығып, бірнеше жылдық еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымыз. Енді жанұяммен бірге уақыт өткізетініме қуаныштымын, — деп мінберге шыққан ардагер ұстаздардың бірі жүрекжарды алғысын жеткізді.

P.S: Зейнетке шыққан мектеп директорларына көпшілікте қимастық бары жасырын емес-ті. Олардың игі бастамаларын желіге жарыса жариялап жатқандар сөзге дәлел болсын. Мәселен, 264 мектеп-лицей директорының бастамасымен салынған жылыжай әлі күнге ел аузында. Олардың іскерлік тәжірибелері жас мамандар үшін қажет екені даусыз. Әрине, қаладағы бұл білім ошақтарының білікті басшыларында да тиянақты істеріне һәм қызметке деген қимастықтың бары аян.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *