QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Халық мәселесі партия бақылауында

Автор:QAA.kz

Ноя 11, 2020

Қоғамда әлеуметтік бағыттағы түрлі проблеманың туындауы қалыпты деңгейде. Алайда, талабы мен тілегін арқалап, алып-ұшып жауаптыларға жеткізу – бүгінгінің бір көрінісі. Дер кезінде тұрғын тарапынан көтерілген мәселе шешім тапса, құптарлық әрі қуантарлық. Осы бағытта «Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық филиалы қала тұрғындары жиі табан тірейтін орталықтарда көшпелі қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыруда.

Кезекті кездесу «Aray City Mall» ойын-сауық орталығында өтті. Орталықтың кіре берісінен «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов пен «Халыққа қызмет көрсету» орталығының мамандары күтіп алды. Тұрғындар өздеріне тиесілі түрлі мәселелерімен кезекке тұрды. Артынша әрқайсысы толғандырған проблемаларын жауаптыларға жеткізді.

— Көшпелі қоғамдық қабылдау арқылы халықтың шешім таппаған мәселелерінің түйінін тарқатуға мол септігін тигізетіні анық. Біз өз кезегімізде көпшілікті толғандырған мәселелерге зер салу үшін кездесулерді осылай орталықтарда өткізуді жөн санаймыз. Сондай-ақ, әр мәселенің оң бағытта жүзеге асуына үлес қосамыз, — деген «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әкбарұлы Әбдірахманов кей мәселелерді өз бақылауына алды.

Әлеуметтік, құқықтық бағытта және жеке мәселелерін жарыса жеткізген тұрғындардың арасында кейбірі партия тарапынан көмек сұрағандар да кезікті. Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында тұрғын көтерген түрлі сарындағы мәселелер сол мезетте оң бағытта реттелді.

Айта кету керек, осы мақсаттағы кездесулер алдағы уақытта қаладағы өзге де ірі сауда орталықтарда жалғасын таппақ.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *