Қылмыстық сот төрелігі саласындағы мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы, шекараларының кеңеюі жекелеген құқықтық категорияларды зерттеудің әдістемелік тәсілдерін қайта қараудың себебі болып табылады. Жүйелік талдауды, салыстырмалы құқықтық және формальды құқықтық әдістерді қолдану құқықтық көмекті және құқықтық жүйедегі халықаралық ынтымақтастықты әдістемелік реттеудің өзекті мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді. Заң көмегі қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес институты болып табылады, ол ішкі сала – халықаралық ынтымақтастыққа кіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы нұсқаулығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен бекітіліп, 2019 жылғы 24 сәуірде өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен не халықаралық ұйыммен жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда болуына қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім.

Құқықтық көмек – бір мемлекет сотының басқа мемлекеттің құзыретті органдарынан келіп түскен тапсырма немесе өтінішхат бойынша істі сотта қарау немесе сот актісін орындауды тану және шешу үшін қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі. Тапсырма – басқа мемлекеттің аумағында құжаттарды тапсыру және жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы сот құжаты.

Қазіргі таңда жергілікті сот саласының қызметкерлері әртүрлі саладағы өкілдерге (кәсіпкерлер, жүргізушілер, туристер т.б) құқықтық көмек көрсетіп келеді. Өз кезегінде, шет мемлекеттегі белгілі бір елдің азаматына да сол елдің сот саласының мамандары құқықтық көмек көрсете алады. Ол жергіліктің заңдарға, өз елінің заңдарына жүгіне отырып, өзінге межелі қызмет түріп ала алады.

Қызылорда қаласының №2 сотының

жетекші маманы Т.Алтынбаева

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған