QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Жұмыстар бақылауға алынды

Автор:QAA.kz

Фев 6, 2021

Тасбөгеттің төрі ғажап болса да, сырт жақтағы мекендерінде кемшіліктің бары шындық. Осы орайда, «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихатқа сайланған депутаттар Раушан Ысқақова, Ердос Ғаниұлы, Ерлан Бақытұлы, Әбдіғабит Әбләзімұлы, Айгүл Нажмадинқызы кент әкімі Семсер Сыздықовпен бірге Тасбөгегеттегі малта тас төселген көшелерді аралады.

Қалалық филиал жанынан құрылған монитринг топтың басын бастаған Жорабек Ибрагимұлы жол мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Бұл жақтағы жасалмақ жолдың бәрі облыстық бүйжеттен бөлінген қаржыға орындалған және орындала бермек.

Әзірше бірнеше көшелерге жарық жүргізу жоспарда бар. Одан кейін тұрғындар көп шоғырланған аумақ пен 11 мектеп маңына жаяулар жолы жасалмақ.

Қалалық мәслихат депутаттары аталған шаруалар мен атқарылуға тиісті жұмыстарды күнделігіне түртіп алып, түйіткілді мәселелерді шешуге атсаласатынын жеткізді.

Аталған жұмыстардың барлығы «Qutty meken» партиялық жобасы аясында жүргізілді. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттары шаһардағы жасалып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *