QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Г.Әбдіхалықова: Кейбіреулердің коттедждері, жақсы көліктері, табыстары бар

Автор:QAA.kz

Июл 23, 2019

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваүкіметте өткен баспасөз мәслихатында аймақтарда әлеуметтік көмек алу кезінде екі мыңға жуық астыртын әрекеттер тіркелгенін айтты.

Әбдіхалықова қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан бірнеше топтар құрылып, олар аймақтарды аралап жатқанын еске салды (әлеуметтік көмектің беріліп жатқанын тексереді — ред.).

«Бірінші тексеру болып қойды. Барлық материалдарды, топ өкілдері түсірген фотоларды біз өткіздік. Кейбіреулердің коттедждері, жақсы көліктері, табыстары бар. Түрлі облыстардан екі мыңға жуық астыртын әрекетті анықтадық. Енді жаппай тексеру болады. Сондықтан, жаңа фактілер табылуы ықтимал. Заң бұзушылыққа барғандарды құқық қорғау органдарына табыстаймыз. Олар әрі қарай жұмыс істейді. Сотқа да беруі мүмкін. Сот тәртібімен іс қаралады», — деді ол.

nur.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *