QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Г.Әбдіқалықова: Жақынымызға жанашыр болайық!

ByQAA.kz

Сәу 21, 2021

Соңғы аптадағы көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы 21 сәуірінен бастап «қызыл» аймаққа ауысты. Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы бойынша COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынды. Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі сәуір айының 20 күнінде тіркелген 846 дерек болып отыр.
 Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 47 жаңа жағдайы тіркелді. Қызылорда қаласы-22 ал Шиелі ауданында 1 адам індет жұқтырды. Сәуірдің 19-ы өңірімізде 35 адам анықталса, 20-сы күні 45-ке жеткен болатын. «Қызыл» аймаққа енуімізге орай аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жолдады.

Қадірлі жерлестер!

Бүгін облыс «қызыл аймаққа» енді. Бұл қуанатын жағдай емес. Пандемия басталғаннан бергі уақытта өңірде 4890 жағдай тіркелген. Әлемді дүрліктірген індеттің беті қайтар түрі жоқ. Соңғы уақытта вирус жұқтырғандардың саны тым көбейіп барады.«Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» дейді дана халқымыз. Сақтық шараларына мән беруді ұмытсақ, қөзге көрінбейтін тажалдың кез келген сәтте қатер төндірері анық. Оны тек сақтану арқылы ғана жеңе аламыз. Осы ретте, жергілікті мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орындарының басшылары вирус тез тарайтын адамдар тығыз жиналатын орындарда, ғимараттарда халықтың сапырылысын реттегені жөн.Денсаулық алдымен өзімізге керек. Сондықтан, әрбір адам өзіне ғана емес, отбасына, туған-туысына, айналасындағы адамдарға зиянын тигізбеуі тиіс. Той-томалақ, ас беру, басқа да көпшілік жиындарды жақсы күндерге қалдыра тұрайық. Денсаулығымыз бәрінен қымбат екенін ұмытпағанымыз жөн. Қарапайым қағидатты ескерейік: маска, антисептик және арақашықтықты сақтау. Қымбатты жерлестерім, қауіпті індеттің ұзаққа созылмасы үшін осы қағидаттарды ескеріп, өз денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарап, карантин талабына бағынуға шақырамын.Ел болып қатерлі індетті бірге жеңіп, жарқын күндерге бірге жетейік!Жақынымызға жанашыр болайық!Саулық сақтықта екенін естен шығармайық!-дейді облыс әкімі.

Облыста 21.04.2021 жылғы дерек бойынша  инфекциялық стационарда 300 науқас ем алуда. Ал реанимацияда 35 науқас ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында -15, Қармақшы аудандық ауруханасында -1, Жалағаш аудандық ауруханасында -2, Сырдария аудандық ауруханасында – 3, Шиелі мен Жаңақорған аудандық ауруханасында 5 науқастан ем алуда.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған