QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Есірткі сақтаған күдіктілер қолға түсті

Автор:QAA.kz

Окт 12, 2020

Қызылордалық полицейлер аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған 3 күдіктіні құрықтады

«Қарасора 2020» арнайы жедел іс-шарасы барысында 23 қыркүйек күні сағат 23-00 шамасында «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 1998 шақырымында Қызылорда облысы ПД-ң Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын сақтаған 3 күдіктіні құрықтады.

Полицейлермен жүргізілген рейд барысында жол ережесін бұзған жеңіл автокөлік тоқтатылып тексерілді. Автокөліктің салонынан және автокөлік ішіндегі екі жолаушыдан барлығы 1 килограмнан астам есірткі заты «кептірілген марихуана» тәркіленді. Күдіктілердің біреуі Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынса, екеуіне қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бүгінгі таңда аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4- бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *