QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Еріктілер жылы қорытындыланды

ByQAA.kz

Жел 7, 2020

Қоғамдағы әртүрлі кезеңдер мен сәттерде кез келген көмек түрін көрсетіп, қолдау күткендерге жанашырлықпен қол ұшын соза білетін еріктілер еңбегі әркез көпшіліктің назарында. Олар тарапынан жыл бойына атқарылған жұмыстар да көпшілікке мәлім.

Еріктілер күні қарсаңында облыстық «Жастар ресурстық орталығында» кездесу өткізілді. Сақтық шаралардың ескерілуі негізінде ұйымдастырылған жиынға орталық директоры Бауыржан Мастеков, Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысы Рафхат Бисенов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Мұрат Әйтімов және белсенді еріктілер қатысты.

Шараға қатысушылар еңбектері еленген еріктілер әркез алғысқа ие екендіктерін жеткізіп, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, «Жастар Отанға» жобасы аясында ұйымдастырылған шара аясында түрлі сала бағытында белсенділік танытқан еріктілердің ерлігі де сөз болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған