Ердоған Түркістанға келмейтін болды

Түркия Президенті Ердоған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне келмейтін болды. 30-31 наурызда Қазақстанға жұмыс сапары жоспарланған Ердоған біздің елге келмейтін болды. Ол аталған саммитке онлайн режимде қатысады делінген.
«Біздің президенттің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстанға сапары тоқтатылды; ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция арқылы қатысады», – делінген хабарламада.
2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі – қазіргі түркі мемлекеттерінің басын біріктіретін және басты мақсаты – олардың арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық ұйым. Оған Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.