QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«Елін сүйген Елбасы» атауымен дөңгелек үстел өткізілді

Автор:QAA.kz

Дек 2, 2020

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахмановтың төрағалығымен дөңгелек үстел өтті. Тұңғыш Президент күніне байланысты өткен жиын барысында Елбасының ерлігі мен елдің бүгінгі жетістігіне жетудегі батыл қадамдары айтылды. Сонымен қатар, Елін сүйген, елі сүйген Елбасының тың бастамаларының сеп болуымен еліміздің бірлігі мен берекесі, тұрақтылығы мен татулығы артқаны да негізгі сөз болды. Жиында бұл мерекенің шығу тарихы мен атап өтудегі негізгі мақсатқа да тоқталды.


Аталған жиынға қатысушылар болса мереке аясында өткізген түрлі іс-шаралары жайында айтып, еліміздің келешегі кемел болуы жолында өзіндік үлестерін қосатындарын да жеткізді. Сондай-ақ, ел мерейінің беделі биікте болуы мақсатында толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту зор қуаныш екенін жеткізді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *