QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Елде жоқ студия

Автор:QAA.kz

Дек 12, 2020

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жаңалық жетерлік. Солардың бірі заманауи студияның жаңғыруы еді. Жасалған жұмыстарды көруге қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы арнайы келді. Студияның жабдықтары шетелден алынған, бағасы да арзан емес. Оның ішінде көзге түсетіні дыбыс жазу пульті. Қондырғының маңындағы қосымша құралдардың барлығы Франция, Германия, АҚШ сынды елдердің өнімдері. Бұл студияны еш алаңсыз әлемдік деңгейдегі студия деп те атауға болады. Композитор, жерлесіміз Рамазан Таймановтың айтуынша бұндай студия біздің елде саусақпен санарлық көрінеді.

Заманауи студияның мүмкіндіктері Сыр еліне әлі талай дарынды жұлдыздарды сыйлайтынына күмәніміз жоқ.

Биылғы жылы мәдениет саласына айтарлықтай жақсы көмек көрсетілді. Оның ішінде сала қызметкерлеріне керек жарақтар, сахналық киімдер мен аспаптар алынды. Сондай-ақ, басты жаңалық соңғы үлгідегі дыбыс жазу студиясы.

Сонымен қатар, қала әкімі “Жастар театрының” Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Оңталап Нұрмахановтың “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…” трагифарсын  тамашалады.

“Жастар театры” ұжымы халықаралық дәрежедегі диплом иегерлері атанып, 1 миллион теңгенің сертификатын ұтып алған болатын. Сонымен қатар, шаһар басшысы театр әртістеріне медальдар мен алғыс хаттар табыстады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *