QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Елбасы Жолдауы – болашақ кепілі

ByQAA.kz

Қаң 18, 2021

Қызылорда гарнизонындағы Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мекеме жеке құрамымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Айдын Сағынбековтың басшылығымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін мекеменің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметкерлеріне жеткізу бойынша кездесу өтті.

Жиын барысында мекеме басшысы, полковник Айдын Сағынбеков Жолдаудағы Мемлекет басшысының: «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен іргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс», – деген сөзін негізге ала отырып, басты басымдылықтарға, нақты мәселелерге түсініктеме берді. Сонымен қатар, халыққа жүктелген тапсырмалар сараланып жеткізілді. Жолдаудағы міндеттер жеке-жеке талқылана келе, еліміздің қол жеткізген көптеген жетістіктері, қазіргі уақыттағы әлем таныған ел болып отырғанымыз және осы міндеттерді орындау жолында алда биік белестер күтіп тұрғаны да айтылды. Жолдауды жүзеге асыру мақсатында өткізілген түсіндірме жұмыстары қатысушыларға серпін берді.

Жиын соңында, мекеме басшысы жеке құрамды қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының сенімін ақтауға шақырды. Президент Жолдауын жеткізу бойынша осындай кездесулер Қызылорда гарнизонының барлық мекемелері мен әскери бөлімдерінде өткізілуде.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

сержант Мұхит Қонаров

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған