QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Елбасы – ел тірегі

Автор:QAA.kz

Дек 7, 2020

1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Осы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Конституцияға сәйкес Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің антын берді. Депуттар «Қазақстан Репсубликасы Президентінің лауазымына кірісуі туралы» қаулы қабылдады. Одан кейін 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылдың 1 желтоқсаны мемлекетіміз үшін ерекше күн, осыған орай бұл күннің мемлекеттік мереке болып белгіленгені өте қуанышты. Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміз көптеген белестерге көтерілді.

Қазір әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасымыдың арқасы десек қателеспейміз. Қазақ халқының тарихи отаны, сонау түп аталарымыздың мәңгілік бесігі Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан кеін ғана таныды.

Қазақтың маңдайына берген Нұрсұлтандай Елбасының кемел ақыл-ойы, керемет күш жігері арқасына егеменді Қазақ елі қайта түлеп, қарыштап өркендеді. Елбасымыз Қазақ елін білімімен тәжірибесіне, ақылы мен парасатына, ар-ожданына сүйене отырып, өрге сүйреді, әлемм таныған елдер қатарына қосты.

1991 жылы 16-желтоқсанда Нұрекең қол қойған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңына сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достығымыз дүниеге келуі, Қазақстанның БҰҰ-ның мүшесіне өтуі, Қазақстанның өз ұланы мен қарулы күштерін құруы, мұсылман әлемімен де қарым-қатынас ты нығайтуы – Елбасымыздың саясатының, дана ойларының жемісі.

Ғасырлар бойы шет жерде жүрген миллиондаған отандастарымыз, қандастарымыз өз атамекеніне оралды. Қазақстан тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды. Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартты.

1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы тарихи шешім қабылданды. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылы желтоқсанда Қазақстанның ұсынысы бойынша, ядролық сынақтарға қарсы халықаралық, іс-қимыл күні деп жариялауға шешім етті. Қазір бүкіл әлем Қазақстанды ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде таниды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан бейбіт дамудың нәтижесінде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен биік белестерге көтерілді. Қазақстанның өркендеуіне, дамуына үлес қосу – әрбір қазақстанның азаматтық борышы.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы Қ.Сақтағанова

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *