QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Екі отбасыға қаржылай көмек көрсетті

Автор:QAA.kz

Фев 10, 2021

Облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 бірдей отбасына қаржылай қолдау көрсетті

Атап өту керек, партия филиалдарының қабылдау бөлмелерінде арнайы бекітілген кестеге сәйкес фракция мүшелері тұрғындарды қабылдап, көтерілген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етуде. Мәселен, бүгін партия ғимаратында қабылдау өткізген облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев екі бірдей әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға қаржылай қолдау көрсетті.


Халық қалаулысының қабылдауына алғаш келген қала тұрғыны Жансая Жақсылықова асыраушысынан айрылып, жалғыз өзі үш бала тәрбелеп отыр. Өзі жұмыссыз, әрі жалдамалы пәтерде балаларының жәрдем ақысына күн көріп отырған ол азық – түліктей қолдау көрсетуге көмек сұрады.
Ал, көп балалы ана Жанар Ләпбаева қазіргі таңда жолдасының жұмысқа жарамсыз екенін алға тартып, жалдап тұрып жатқан пәтер ақысын өтеуге қаржылай қолдау болса дейді.
Жалпы қабылдауға келушілердің басым бөлігі материалдық көмек жөнінде өтініш білдірді.


Фракция мүшесі әрбір азаматтың көтерген мәселесіне қатысты кеңес беріп, оларды назарға алды. Ал аналар өтінішіне сәйкес қаржылай қолдау көрсетті.


«Тұрғындар тілегін тыңдап, олардың ұсныстарын билікке жеткізу менің депутаттық парызым десем,жабырқаған жанға қолдау көрсету, бұл азаматтық парызым. Әрине, өмір болған соң түрлі жағдайлар болады. «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасында негізгі басымдықтар халық игілігіне бағытталып отыр. Біз партия мүшелері ретінде осы міндеттерді тиімді іске асыруға бар күш жігерімізді жұмысайтын боламыз. Еліміз тыныш, халқымыз тоқ болып, жаңа белестерді бағындыра берейік»,— деді өз сөзінде Мағжан Ералиев.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *