2021 ж. Сәуір 14

ЕГІСКЕ ҚАНША МИЛЛИАРД ҚАЖЕТ?

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы, Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты. Үстіміздегі жылы облыс бойынша 188,2 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, мал азықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,5 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 84,4 мың гектар. Облыста егіс көлемін әртараптандыру бағытында биылғы жылы соя дақылын 98 гектарға, қант құмайын 40 гектарға және 66 гектарға жемісжидек, жүзім отырғызу межеленген.

Егістікке қажетті тұқымдық материалдар толық қамтамасыз етілді. Минералды тыңайтқыштар бойынша қажетті 61,8 мың тоннаның 45,2 мың тоннасы (73,0 %) және қажетті 78,0 мың литр гербицидтердің 15,0 мың тоннасы (19,2 %) сатып алынды. Облысқа 2021 жылдың көктемгі дала және егіс жұмыстарын жүргізуге 12,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Бекітілген операторлар арқылы наурыз айына бөлінген 7,9 мың тонна дизель отынына ресурсұстаушы («Petrosun» ЖШС) келісім – шарттар жасалып, қаржысы толық аударылды. Оның 7,3 мың тоннасы мұнай өңдеу зауытынан тиеліп, әр литрі 164 теңгеден таратылуда. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаулардың арқасында облыстың машина-трактор паркі тұрақты жаңарып келеді. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен өз қаражаттары есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы барлығы 6,9 млрд. теңгеге 193 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Биылғы жылы ауылшаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 5,0 млрд. теңгеге 115 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жоспарланса, одан жыл басынан бері 192,9 млн.теңгеге 17 бірлік техникалар лизинг арқылы алынды.

2021 жылғы 29 наурыздағы мәлімет бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 671 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 5,0 млрд. текше метрді құрап, төменге секундына 300 текше метр, ал Көксарай су реттегішінде 1,5 млрд. текше метр су көлемі жиналып, Шардара мен Көксарайды қосқанда 6,5 млрд. текше метр су бар, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 294,6 млн. текше метрге кем. Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, барлық аудандар мен Қызылорда қаласының су шаруашылығы нысандарын дайындау
жоспары жасалған.

Облыс бойынша су жүйелерін тазарту жұмыстары шаруашылықаралық каналдар мен ішкі шаруашылық каналдар 70% тазаланды, насос қондырғыларын жөндеу 73,1%, гидробекеттерді жөндеу 89,3% және 43,6 мың га шабындық жерлер, 6,6 мың гектар жерлер ылғалдандырып суарылды. Облыста 2021 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі 13,3 млрд.теңге. Осы қажет қаржыдан шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен 3,3 млрд.теңге, инвесторлар тарапынан 5,3 млрд.теңге, «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС арқылы 1,9 млрд.теңге қаржыландыру жоспарланса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 1,6 млрд.теңге, басқа көздерден 1,2 млрд.теңгені құрайды.

Қазіргі таңда жалпы 7 260,5 млн. теңге қаржы алынды, оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең Дала» бағдарламасымен 9 шаруашылық 357 млн.теңгеге, «Агробизнес КДЖ(ВПР)» бағдарламасымен 1 шаруашылық 100 млн.теңгеге «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС арқылы 2 шаруашылық 43,4 млн.теңгеге қаржыландырылды. Қаржыландыру жұмыстары жалғасуда.

Облыс аумағында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, ерте егілетін ақ егісті егу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының 20 наурызында басталды. Бүгінгі күнге қолда бар 43 949 гектар ескі жоңышқа 9 610 гектар, 6 677 гектар күздік бидайдың 2500 гектар тырмаланып, 4 088 гектар жаңа жоңышқа, 755 гектар мақсары, 1 618 гектар жаздық бидай егілді. Күріш дақылын егуді сәуір айының 22-нен бастау жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған