QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Автор:QAA.kz

Июн 4, 2020

Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.  

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *