QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Еңбегімен ел құрметіне бөленген азамат

Автор:QAA.kz

Дек 31, 2020

Ізгілікті жанына серік еткен ел тұрғындарының ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамақорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы халық тұрмысы түзелсе, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы ел алға қадам басады.

Өмірдің мән-мағынасын терең түсінетін, әрбір саналы адам туған еліне, туған жеріне жақсылық жасауға бейім келеді. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Қазақстан халқына жолдаған  Жолдауында туған жеріне ту тігіп, елінің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген  азаматтардың есмін ұмтпау керектігін айтқан болатын. Осындай ер азаматтың бірі Қызылорда қаласының тұрғыны Мұрат Сәрсенбаев. Қарапайым көп балалы отбасында дүниеге келген Мұраттың мұраты адал еңбекпен абыройлы қызмет істеу. Бала күнінен бейнеттің дәмін татқан ол, өзі армандағандай қоғамға өз үлесін тигізіп, абырой биігінен көрініп келеді.

Жомарт жүрек, кең пейілді Мұраттың қайырымдылық іске белсене араласып, тұрмысы төмен отбасыларға көп көмек беріп жүргенін бірі білсе, бірі білмес. Жасаған жақсылығын жария қылмайтын осындай азаматтың ауыз толтырып айтуға тұрарлық ісін көз көріп, құлақ естіген соң қолға қалам алдық. Бұл күнері зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұышн созып келеді. Жанындағы жолдасын жамандыққа қимайтын, көршісі қысылса қолындағысынмен бөлісіп жейтін дархан пйілді азаматтың ісіне Алланың нұры жаусын.

 «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген қазақ халқы. Мұрат Сәрсенбаевтың игілікті істері өскелең ұрпаққа, қазіргі жастарға үлгі болары сөзсіз. Қашанда қарапайым мінезінен таңбаған іскер азамат облыстың мерейін үстем етер жандардың  бірі. Себебі жақында ғана «Іскер» номинациясын иеленген оның іскерлігіне ешкім шүбә келтірмейді. Халқына қамқор, шаңырағына тіреу болған М. Сәренбаев бір уйдің асқар тау әкесі, мақтан тұтар атасы.

Гүлнар Жолдасова

Шиелі ауданы

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *