QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ДОСМАНБЕТОВ ДӘУІРІ

Автор:QAA.kz

Мар 25, 2021

Қызылорда арнайы экономикалық аймағының құрылуына орай денсаулық сақтау саласында да іргелі өзгерістер болды. Халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында қаланың
барлык емханалары жанынан күндізгі стационарлар, физиотерапия, емдік шөптер, емдік физкультура, инетерапия тәсілдерімен емдейтін қалыпқа келтіру бөлімдері ашылып, диагностика мен емдеудің озық үлгілері тәжірибеге енгізілді. Емдеу орындарынан шалғайда тұратын
тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетуді күшейту мақсатында № 6, 2 емхана және «Сенім» ЖШС жанынан отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Заманның ағымына қарай медицина саласында да ақылы қызмет немесе жеке дәрігерлік тәжірибелердің өрістеуіне жол ашылды. Осының нәтижесінде қалада «ТабибИсмаил», «Маржан тіс» жеке дәрігерлік тіс емханасы, «Денсаулық», «Сенім» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері пайда болды. Қаладағы емдеу орындарының қаржылық жағдайы жақсарып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қалыпқа түсті.

Қалада туберкулез ауруының күрт өршуіне және эпидемиологиялық жағдайдың ауырлауына орай, аурудың алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмектер сатып алуға арнайы экономикалық аймақтың әлеуметтік және экономикалық даму қорынан 10 млн. теңге қаржы бөлінді. Қалада туберкулезге қарсы 200 орындық диспансер құрылысына 11
млн. теңге көлемінде ақша қаражаты берілді. Сырдария ауданының әкімшілік-территориялық аумағындағы өзгерістерге сәйкес Тасбөгет қыстағы мен Абай, Махамбет, Тоған шаруашылығы, Ақжарма, Қарауылтөбе, Бірқазан ауылдарының Қызылордаға қосылуына орай
осы аймақтың 21390 тұрғылықты халқы қалалық емдеу профилактикалық орындары арқылы дәрігерлік көмек ала бастады.
Облыс орталығынан диагностика орталығының ашылуы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартты. Аталмыш орталыққа өткен жылдары компьютерлік томограф, лапароскоп
аппараттары сатып алынды.

Көп салалы кешенді облыстық денсаулық орталығы пайдалануға берілді. 660 орындық ауруханасы, 1200 адам қабылдай алатын емханасы бар, қазіргі заманғы медициналық аппараттармен
жабдықталған, автономды жарық, жылу көздері бар бұл аурухана экологиялық апат аймағында тұрып жатқан облыс, қала халқына жоғары деңгейде дәрігерлік көмек көрсететін болады.
Қызылорданың 180 жылдық мерекесі қарсаңында және қаланың арнайы экономикалық аймақ болып мәртебе алуының арқасында қаланың көркейіп, гүлденуі бағытында бірқатар шаралар жүргізілді.
Қала территориясында тарихи орындар қайта жаңғыртылып, жаңаша саясат таразысына тартылып, халық ортасына қайта оралған, халқына еңбегі сіңген белгілі азаматтарға көше аттарын беру
жұмыстары орынды жалғасын табуда. 1998 жылдың «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» деп аталуына орай тарихи жер аттарын, тұлғаларды, ел мақтанышына айналған жерлестеріміздің есімдерін ел есінде қалдыру бағытында қалалық ономастика комиссиясы бірқатар жұмыстар атқарды. Қала өміріндегі елеулі оқиғаның бірі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы
болды. Бұл — небір зобалаң-зұлматты, талай нәубетті басынан кешіріп, осыншама қиыншылыққа мойымай, еліміз бен жерімізді, қазақ елінің тұтастығын, ұлттық бітім-болмысын, қадір-қасиетін сақтап
қалу жолында құрбан болған, жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының зиялы қауымына деген шексіз құрметтің белгісі. Қазір бұл жер қала тұрғындарының аза тұтып, әруақтарға арнап құран оқытар
қасиетті орнына айналды. Қаланың қақ төрінен «Жанрос» демалыс клубының алдынан қазақ батыры Аманкелді Иманов
ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың баласы Шәріп Иманов пен немерелері қатысып, үлкен ризашылық сезімін білдірді. Ескерткіштің айналасы көркейтіліп көгалдандырылып, гүлзарлар отырғызылып, шамдар орнатылып, жақсы демалыс орнына айналдырылды. Қаламыздың тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиғалардың бірі қаламызда төрт жұлдызды «Самал» қонақ үйінің ашылуы және оның тұсау кесер
салтанатына Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуы. Қызылордалықтарға бұл керемет қонақ үйді бас-аяғы бір жылдың ішінде біріккен қазақ-американ «Қуат-АмлонМұнай» компаниясы салып берді. Сыр
өңірінің қара алтынын игеруге келген американдықтар ешқандай кепілдіксіз 5 млн.доллар қаражат жұмсап, бізге осындай соңғы өркениет деңгейіне сәйкес келетін тамаша архитектуралық әсем қонақ үйді сыйға тартты. Небәрі 54 орындық қонақ үйде адам жанына қажетті нәрсенің бәрі бар. Қоғамдық тамақтандыру және ішкі қызмет
түрлерімен Францияның «CIS» компаниясы айналысады. Олармен бірге ағылшын тілін жетік меңгерген 70-ке жуық қызылордалықтар қоян-қолтық жұмыс істеуде.
Қоғам дамуының қайсыбір кезеңі болмасын газет-журналдар мен радиотеледидардың, идеологияның атқаратын ролі ерекше болған. Халық небір қиынқыстау кезеңдерде де газет-журналын тастамай жылт еткен жаңалықты уақытылы біліп отырған. Соңғы уақытта ақпарат кеңістігінде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған газеттердің ашылуы, бұқаралық ақпарат құралдары арасында
қызу бәсекелестік тудырып отыр. Оқырман да қалаған газетін алып оқитын халге жетті. Қаланың тұңғыш газеті 1994 жылдың 14 маусым айында жарық көрді. Оның алғашқы редакторы болып Сардаров Шәріп Әбдіғаппарұлы тағайындалды. Газеттің аты «Қызылорда» деп аталды. Орыс-қазақ тілдерінде аралас жетісіне бір рет шығып тұрған бұл басылым негізінен қала өмірінің айнасына айналды.
Шығармашылық және техникалық құрамда қоса есептегенде редакцияда 18 адам жұмыс істеді. 1994 жылдың желтоқсан
айында газетке редактор болып Галина Крючкова келді.
1997 жылдың қарашасынан бастап газет жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылып, тәуелсіз басылым ретінде шыға бастады. 1998 жылдың көктемінен газеттің аты «Кызылорда таймс» болып
өзгерді. Газетке қосымша «Деловой мир», «Кызылорда криминальная», «Яксарт» газеттері шығуда. Қызылордада арнайы экономикалық аймағының құрылуына байланысты, аймақта болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді халыққа тез арада жеткізіп
беру мақсатында және жергілікті ұл өкілдерінің 98 проценті қазақ екендігін ескеріп газет шығару қажеттігі туды. 1997
жылдың 22 наурызында Қызылорда арнайы экономикалық аймағының аумағында «Ақмешіт ақшамы» газеті және қалалық
теледидар өз тұсауын кесті. «Ақмешіт ақшамы» облыс көлемінде
бірінші рет компьютермен теріліп, офсеттік басылыммен басылған жаңа бетбейнесі, бағыт-бағдары бар газет болды. Газеттің шығармашылық тобына маманжурналистердің топтасуы, басылымның беделін көтере түсті.
Қалалық теледидардың ашылуы — қызылордалықтардың шын мәнісінде көз қуанышына айналды. Эфирден күніне 4 сағат жергілікті теледидардың хабары көрсетіле бастады. Теледидар қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған. Бейне жазу және жылжымалы телестанциялары бар. «Қала ТВ» журналистері қалада болып жатқан жылт еткен жаңалықты халыққа дер кезінде жеткізуге зор
үлес қосып жүр. Қалалық «Новая Кызылорда» газеті 1998 жылдың 6 наурызынан шыға бастады. Тәуелсіз басылым ретінде жарыққа шыққан газет аз ғана уақыт ішінде өз оқырмандарын тапты деп айтуға негіз бар. Қызылордада офсеттік әдіспен баспа өнімдерін шығаратын тұңғыш баспахананың ашылуы облыстың баспа- полиграфия өндірісіне үлкен серпіліс әкелді.
«Нұр-Сәулет» баспаханасы адресаттар, бейдждер, визиткалар, шақыру билеттері, сауда белгілері, логотиптер, этикеткалар мен открыткалардың сан алуан түрлерін шығарып, халыққа сапалы полиграфиялық өнімдер ұсынды.
1996 жылы Республика күні қарсаңында Қызылорда қаласында Абылай ханға қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, халық жазушысы Қ.Мұхаметжанов қатысты. Президент өзінің
сөзінде XV ғасырдан бастап Қазақ хандығының тарихын таразылай келе, Абылай ханның ел, жер бірлігін сақтаудағы кемеңгерлігіне тоқтады, өз тарихымызды біліп, ата-баба аруағын сыйлаудың нақты
нышаны ретінде Қазақстанның алғашқы астанасы — Қызылордада ескерткіш ашылуына байланысты ризашылығын былай білдірді: «Осыдан артық идеология жоқ, — деді Елбасы. Қазақстанды дүние
жүзіне танытқан — ұлттардың ынтымағы, достығы бейбіт даму жолы. Бұл біздің жеріміздің тұтастығына кепілдік береді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбірлікпен жұмыс істей білсек, бүгінгі
қиындық ертеңгі байлыққа бастайды. Патриотизм керек. Тәуелсіздігімізге бес жыл толды, өмір жақсылыққа қарай бой
бұрды. Бақыт дегеніміз осы». Президент осы сапарының алдында
«Қызылорда арнай экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойғанын айтып, қызылордалықтарды қуантты.

Ол Қызылорда АЭА-да орналасқан мекемелерде болып, әсіресе республика қажетін өтейтін, экспортқа өнім шығаруға
қабілеті бар біраз өндіріс, өнеркәсіп орындарына баса назарын аударды. 1998 жылы өзінің 180 жылдығын атап өткелі отырған Қызылорда бір кездегі Қамысқаладан сәулетті, көркем үлкен
қалаға айналды. Арнайы экономикалық аймағы арқылы Түркияның Бурса, Израильдің Беершева қалаларымен бауырласып, дүни жүзіне танымал болды. Қызылорданың болашағы өнеркәсіп өндірісін дамыту, сыртқа шығарылатын және тасымалданатын жоғары сапалы
тауарлар өндірісін құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту т.т. жұмыстарымен тығыз байланысты.
Сондай-ақ, мұнай, газ саласын барынша өркендетудің, қолда бар мүмкіндіктерді әрі қарай жетілдірудің, жоғары сапалы өндірістерді құрудың, қолда бар табиғи қорларды пайдалана отырып, өнімнің жаңа түрлерін шығарудың маңызы зор.
Сонымен бірге биыл жылу электр орталығының мазутқа көшірілуі де дұрыс болды. Егер «ЖЭО» өз қуатында жұмыс істеп, халыққа жылу мен 70 МВт жарық шығарады.
Машина жасау, қатырма қағаз, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, «Қызылордакүрішмаш» АҚ-да ауылшаруашылығы жаткаларының әмбебап түрлерін шығаруды игеру, «Главтара» АҚ-да
гафроыдыспен қаптау, полипропилендік лента және жұмыртқалар салатын ыдыстар шығару технологиясын енгізу, салқын сусындар мен жеміс шырындарын шығаратын автоматтандырылған желіні пайдалануға беру, болгар жиһазын құрастыру, қазіргі заманғы технологиямен арақ-шарап өнімдерін дайындау, шағын кәсіпкерлікті
өрістету — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қызылорда қаласы бойынша 65 бизнесжоспар бар инвестициялық жоба жасалды. Осының ішінде сегіз бизнес-жоба шетел инвестициясы арқылы жүзеге асырылмақ
болатын. Солардың ішінде «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны өндірісаралық автожол және мұнай өндірудің орталық пунктін
салуға 291,4 миллион АҚШ долларын бөліп ол игерілді. Ал Қазақстан — Америка «Қуатамлонмұнай» біріккен кәсіпорны Қоныс және Бектас кеніштерінде мұнайды зерттеу және өндіруге 67 миллион доллар
қаржы жұмсады.
Аймақта қалайы зауытына қажетті осы металл сынықтарын жинап, оны тасымалдау инвестициясы да жұмыс істеуде. Бұған Оңтүстік Корея және «Қазалтек» біріккен кәсіпорны 210 миллион қаржы бөлген болатын. Қазір соның 92 пайызы игеріліп тұр. Жалпы, осы игерілген және игерілуі қарастырылып жатқан сегіз шетел инвестициясы қатысатын бизнес жобаны жүзеге асыруға 223,6 миллион долларды игеру жолдары қарастырылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі шараларын жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар жүргізуге кең жол ашылды. Мемлекеттің
бұл құжатын басшылыққа ала отырып «Қызылорда облысы әкімінің 1996- 1998 жылдары реформаларды тереңдету жөніндегі бағдарламасы» қабылданды.
Онда макроэкономикалық салалардағы кол жеткен нәтижелерді тұрақтандыру құрылымдық — институттық қайта құруларды қамтамасыз ету, өндірістің құлдырауын тоқтатып, онан кейін экономиканы, осының негізінде халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді қамтамасыз ету көзделінген болатын.
Облыста орта мерзімді бағдарламаға сәйкес реформаны тереңдету жұмыстары өзінің жалғасын таба бастады. Меншік қатынастарын жаңарту, жеке сектордың қалыптасуы мен дамуы бәсекелес ортаның
құрылуы, нарықтық инфрақұрылымының қалыптасуы, товар өндірушілердің әлемді нарық жағдайына бейімделуі, басым
бағыттағы өндірістің дамуы мен шетел капиталын келтірудің жаңа үлгілері мен жолдарын іздестіру процестері басталды.
Нәтижесінде 1996 жылы инфляцияның деңгейі оның алдындағы жылмен салыстырғанда 40 пайызға төмендеп, өнеркәсіп өнімінің көлемі 41,6 пайызға артты. Әлеуметтік-экономикалық ахуалды
жөндеу үшін бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру жұмысы қолға алынды.
Муниципалдық облигациялар шығарылып, облыстық «Инвестиция-Газ», есептік міндеттемелер таратылды. Облыста жер реформасы, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар қолданыла бастады. 1996 жылы жерді өмірлік пайдалануға 62,2 мың мемлкеттік актілер, жер үлесіне құқы туралы 114 мың куәлік рәсімделіп,
иелеріне тапсырылды. Кәсіпкерлердің дамуын қолдау шараларының барысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының сан жағынан
өсуі байқала бастады. 1997 жылдың басында экономиканың жеке секторы кәсіпорындары 4025-ке жетті. Оның ішінде 100 өнеркәсіптік, 1182 ауыл шаруашылығы, 81 құрылыс бағытында болып, оларда қызмет етуші адам саны 32 мыңға жетті. Олардың шығарған өнімдері 4887 мың теңгеге бағаланды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде облыстың халық шаруашылығында мемлекеттік сектор тек 15,3
пайыз болып, ал мемлекеттік емес сектор 85,7 пайызын құрады.
Экономика мен есеп, салық пен қаржы жүйесіндегі мамандар, қала, ауыл, аудан басшылар мен облыс басқармалары бюджетті қорландыруға бағытталған біраз жұмыстар атқарды. Нәтижесінде, облыста бюджет кірісінің болжамдық мөлшері 121,8 пайызға орындалды. 1996 жылы өндіріс өнімінің көлемі өткен жыл деңгейімен салыстырғанда 141,6 пайызға көтерілсе, бағаның өсу қарқыны 22
пайызбен шектелді. Осы мерзімде күріштің әр гектарынан жиналған өнім 11 центнерге артты, мал шаруашылығынан алынған төл республика бойынша әлдеқайда жоғары болды. Жалақы, зейнетақы және жәрдемақының мерзімінде берілуі кейбір
жерлерде қалыпқа түсе бастады. Облыстық мәслихаттың сессияларында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері тұрақты түрде қаралып тұрды. Қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, әсіресе ардагерлер мен әйелдер кеңесінің ұлттықмәдени орталықтары мен облыстың ассамблеясының жұмыстары жандана түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды. Республика
аймақтары мен қоғамдық бірлестіктердің тілектерін ескере отырып, 31-мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп белгіленді. Облыс әкіміні шешімімен, Жалпыұлттық татулық пен
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың негізгі бағдарламасы қаралып, олар іске асырылды. Бұл көкейтесті әлеуметтік-саяси
мәселелер бойынша тұрақты жұмыс істейтін «Дөңгелек стол» құрылып, онда атқарушы және өкілетті органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері
қатысып, пікір айтатын орынға айналды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жалпыұлттық татулық тақырыбына материалдар жарияланып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, аса көрнекті мемлекет қайраткері, Сыр елінің перзенті Мұстафа Шоқай жылы деп жарияланды, оған туған
ауданы Шиеліде ескерткіш қойылды. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Қазақстанның алғашқы прокуроры Сүлеймен Есқараевтың туғанына 100 жыл толуына арналған республикалық мәжіліс Қызылордада өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оның шәкірттері, облысымызда кезінде құқық органдарын басқарған Ж.Ерімбетов, Б.Омаров, И.Сейітов, С.Қараманов, А.Сағынбаевтармен кездесулер өткізді.


«Қызылорда» кітабынан

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *