2021 ж. Сәуір 14

Доллары барлар қуанды

Жетінші сәуірдегі валюта бағамына сенсек, бір доллардың құны 430 теңгеге дейін өсіп кетіпті. Бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда 0,37 пайызға жоғары. 30-шы наурызбен 7-ші сәуір аралығында ұлттық валютаны айырбастау көрсеткіші 1,6 пайызға  төмендеген.

Қазақстан Ұлттық Банкінің директоры Нұржан Тұрсұнхановтың айтуынша ұлттық валютаға ішкі және сыртқа факторлар себепші.

Өткен аптаның басынан бері жайсыз жаңалықтар көп болды. Брент маркалы мұнайдың бағасы 4,1 пайызға төмендеді. Карантиндік шаралар уақытында еуропа елдерінде  мұнайға ұсыныс пен сұраныстың сәйкес келмеуі байқалды.

Ұлттық Банктің хабарлауынша «ОПЕК» ұйымының 1-ші сәуірдегі шешімінің салдарынан мұнай бағасы құбылмалы болып тұр. «ОПЕК» ұйымына кіретін мемлекеттер тәулігіне 1,15 миллион баррель мұнай өндіреміз деп келіскен-ді.

Сонымен қатар, ресейлік рубльдің де сағы санып, теңгеге зор әсерін тигізуде. Ресейден импорттық тауар алуға тікелей қатысы бар теңге мен рубль бір бағанға байлаулы десек те болады.

Тұрсұнхановтың айтуынша әлсіз валюталар қатарында ресейлік рубль көш бастап тұр. Көптеген уақыттан бері алғаш рет бір доллар құны 78 рубльге жетіп отыр. Украинаның оңтүстік-батысындағы қақтығыстар салдары да рубльге зақым келтірді. Нәтижесінде өткен аптадан бері рубльдің құны 3 пайызға төмендеген болатын.

Ресейлік Қаржы министірлігі  ірі көлемде рубльге күш берер қаражат құймақ. Жетінші сәуірмен жетінші маусым аралығында 185,7 миллиард рубль өз еңсесін көтеру үшін бүйжеттен бөлінбек.

Биржаның ашылған сәтінде бір доллар 410 теңге болып бекітілген. Алайда түскі уақытқа дейін олай да бұлай   алқынған доллардың тоқтар түрі болмады. Тек түскі 12-ге таяу валюталар бағамы тұрақталып, банктер арасында айырбастау басталған көрінеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған